https://sputnik.kz/20230404/nato-ukrainada-tygyryqqa-tireldi--33649847.html
НАТО Украинада тығырыққа тірелді
НАТО Украинада тығырыққа тірелді
Sputnik Қазақстан
Күні кеше Брюссельде ашылған Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше елдердің сыртқы істер ведомстволары басшыларының бұл жолғы отырысы толықтай дерлік Украина... 04.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-04T18:35+0500
2023-04-04T18:35+0500
2023-11-01T16:49+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/638/77/6387738_0:0:2927:1646_1920x0_80_0_0_bbd2550f188bb6ce847c7655c2464da6.jpg
Күні кеше Брюссельде ашылған Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше елдердің сыртқы істер ведомстволары басшыларының бұл жолғы отырысы толықтай дерлік Украина мәселесіне арналды, деп жазды РИА Новости.Будапешт қазірдің өзінде олар "Украинаға бітімгершілік контингентін жіберу" мәселесін талқылауды бастауы мүмкін екенін меңзеп, мұндай әрекеттердің қандай салдарға әкелетінін ескертті. Ал НАТО-ға мүше еуропалықтардың мәлімдемелеріне қарамастан, майдан шебінің күн сайын Еуроодақ шекарасына жақындап келе жатқаны қазір баршаға аян."Украинаның еуропалық құндылықтар үшін күресіне" тағы қалай қолдау көрсетуге болатыны туралы талқылаудың қарсаңында француздардың Le Monde басылымы бір аптаның ішінде арнайы әскери операция аймағында екі француз жалдамалы жауынгері қаза тапқанын хабарлады. Ал арнайы әскери операция басталғалы бері бұл көрсеткіш ондаған адамға жетті."Салыстыру үшін айтсақ, Сахельдегі әскери операцияның он жылында француз әскері елу әскери қызметкерінен айырылды. Ал бұл көрсеткіш қоғамдық пікір мен билікті қолдау үшін шамадан тыс көп болып шықты. Францияның және бүкіл антиресейлік коалицияның әскери көмектен бас тартуы үшін тағы қанша француз жауынгерінің мерт болуы қажет?", - деп жазды мақала авторы. Сарапшылардың пікірінше, Франция арнайы әскери операция аймағына жіберген жеңіл танктер іс жүзінде жарамсыз болып шықты. Себебі дәл осы танктердің дөңгелегі саз бен батпақтан дұрыс жүре алмауда. Ал шынжыр табанды жолмен келе жатқан НАТО танктері әлі Украинаға жеткен жоқ.Авиацияның да жолы болмай тұр. "Мираж", "Торнадо" немесе "Еврофайтер" сияқты техника басқа жағдайлардың, басқа логистиканың, ұшу және техникалық қызмет көрсету персоналының басқа біліктілігін ескере отырып жасалған. Бұл мәселеде де НАТО-ның жалпыеуропалық мүшелері тығырыққа тірелді.Автор жазғандай, солтүстікатлантикалықтар Ресей мен оның армиясының жауынгерлік қабілетін, халықтың мобилизациялауға дайындық деңгейін бағалауда қателескені белгілі. Өйткені ресейліктер майданға өз еркімен аттанып қана қоймай, халық жауынгерлерге барынша қолдау көрсетіп отыр.Украинаға бітімгерлік мақсатта аттандырылуы ықтимал НАТО контингентіне кім қолдау көрсетеді, деп жазды мақала авторы. Қоғам Еуроодақтың әскери шығындарына наразы.Анығында қазір ұжымдық Батыс басшылары Ресейге қарсы іс-қимылдар нәтижесінде өз елдерінің экономикасына орасан зор залал келтірілгеніне алаңдап отыр. Себебі ресейлік экономиканы оқшаулап, құлдыратады деп сенген санкциялар анығында тиімсіз болып шықты. Адам құқықтары мен бостандығына қатысты ұрандары да көпшіліктің күдігін тудырды. Сондықтан көп мемлекет Ресейге қарсы шығуды емес, онымен ынтымақтастықты таңдады."НАТО енді өз қолымен жасаған әскери конфузиядан әуелі жасырын құтылуға тырысады. Себебі бұл әскери іс-қимылдардан жеңіске жету мүмкіндігі күн сайын бәсеңдеп жатыр. Сондықтан қазір "қашан оқшаулану керек" деген месе, "қалай оқшаулану керек" деген сұрақ туындап отыр", - деп жазылған материалда.Батыстағылар Украинадағы әскери іс-қимылдардан қолдау көрсету жалғасады деген уәде арқылы біртіндеп оқшаулануы мүмкін. Бірақ Ресей арнайы әскери операция басталған кездегі мақсатынан айнымайды. Ол осы мақсаттарға сенімді және бірқалыпты сипатта қол жеткізеді және өзіне жүктелген барлық міндеттер мен жауапкершіліктен бас тартпайды.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/638/77/6387738_196:0:2927:2048_1920x0_80_0_0_cd72a82ab7d04f42f30d4a3cc893d3b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Күні кеше Брюссельде ашылған Солтүстік Атлантикалық альянсқа мүше елдердің сыртқы істер ведомстволары басшыларының бұл жолғы отырысы толықтай дерлік Украина мәселесіне арналды, деп жазды
РИА Новости.
Будапешт қазірдің өзінде олар "Украинаға бітімгершілік контингентін жіберу" мәселесін талқылауды бастауы мүмкін екенін меңзеп, мұндай әрекеттердің қандай салдарға әкелетінін ескертті. Ал НАТО-ға мүше еуропалықтардың мәлімдемелеріне қарамастан, майдан шебінің күн сайын Еуроодақ шекарасына жақындап келе жатқаны қазір баршаға аян.
"Украинаның еуропалық құндылықтар үшін күресіне" тағы қалай қолдау көрсетуге болатыны туралы талқылаудың қарсаңында француздардың Le Monde басылымы бір аптаның ішінде арнайы әскери операция аймағында екі француз жалдамалы жауынгері қаза тапқанын хабарлады. Ал арнайы әскери операция басталғалы бері бұл көрсеткіш ондаған адамға жетті.
"Салыстыру үшін айтсақ, Сахельдегі әскери операцияның он жылында француз әскері елу әскери қызметкерінен айырылды. Ал бұл көрсеткіш қоғамдық пікір мен билікті қолдау үшін шамадан тыс көп болып шықты. Францияның және бүкіл антиресейлік коалицияның әскери көмектен бас тартуы үшін тағы қанша француз жауынгерінің мерт болуы қажет?", - деп жазды мақала авторы.
Сарапшылардың пікірінше, Франция арнайы әскери операция аймағына жіберген жеңіл танктер іс жүзінде жарамсыз болып шықты. Себебі дәл осы танктердің дөңгелегі саз бен батпақтан дұрыс жүре алмауда. Ал шынжыр табанды жолмен келе жатқан НАТО танктері әлі Украинаға жеткен жоқ.
Авиацияның да жолы болмай тұр. "Мираж", "Торнадо" немесе "Еврофайтер" сияқты техника басқа жағдайлардың, басқа логистиканың, ұшу және техникалық қызмет көрсету персоналының басқа біліктілігін ескере отырып жасалған. Бұл мәселеде де НАТО-ның жалпыеуропалық мүшелері тығырыққа тірелді.
Автор жазғандай, солтүстікатлантикалықтар Ресей мен оның армиясының жауынгерлік қабілетін, халықтың мобилизациялауға дайындық деңгейін бағалауда қателескені белгілі. Өйткені ресейліктер майданға өз еркімен аттанып қана қоймай, халық жауынгерлерге барынша қолдау көрсетіп отыр.
Украинаға бітімгерлік мақсатта аттандырылуы ықтимал НАТО контингентіне кім қолдау көрсетеді, деп жазды мақала авторы. Қоғам Еуроодақтың әскери шығындарына наразы.
Анығында қазір ұжымдық Батыс басшылары Ресейге қарсы іс-қимылдар нәтижесінде өз елдерінің экономикасына орасан зор залал келтірілгеніне алаңдап отыр. Себебі ресейлік экономиканы оқшаулап, құлдыратады деп сенген санкциялар анығында тиімсіз болып шықты. Адам құқықтары мен бостандығына қатысты ұрандары да көпшіліктің күдігін тудырды. Сондықтан көп мемлекет Ресейге қарсы шығуды емес, онымен ынтымақтастықты таңдады.
"НАТО енді өз қолымен жасаған әскери конфузиядан әуелі жасырын құтылуға тырысады. Себебі бұл әскери іс-қимылдардан жеңіске жету мүмкіндігі күн сайын бәсеңдеп жатыр. Сондықтан қазір "қашан оқшаулану керек" деген месе, "қалай оқшаулану керек" деген сұрақ туындап отыр", - деп жазылған материалда.
Батыстағылар Украинадағы әскери іс-қимылдардан қолдау көрсету жалғасады деген уәде арқылы біртіндеп оқшаулануы мүмкін. Бірақ Ресей арнайы әскери операция басталған кездегі мақсатынан айнымайды. Ол осы мақсаттарға сенімді және бірқалыпты сипатта қол жеткізеді және өзіне жүктелген барлық міндеттер мен жауапкершіліктен бас тартпайды.