Балқаш көлінің ғарыштан түсірілген видеосы жарияланды

© Этноцентр NOMADОзеро Балхаш
Озеро Балхаш - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Ресейлік ғарышкер, Халықаралық ғарыш станциясының борт инженері Олег Артемьев Балқаш көлін ғарыштан көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Видеода ғарышкер көлді жақыннан да, алыстан да түсірген.
"Міне, сұлу Балқаш, толығымен көруге болады. Жағасын да көріп шығайық. Барлығы көрініп тұр. Тамаша!", - дейді Артемьев.
Айта кетері, Олег Артемьев - Қазақстанның тумасы. Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Ғарышкер Халықаралық станциядан фото-видеоларды жиі жариялап тұрады. Бұған дейін ол Каспий теңізін де көрсеткен.
Жаңалықтар
0