Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионаты өтеді

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуШахмат
Шахмат - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Астанада шахматтан әлем чемпионы атағы үшін матч өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Әлем чемпионы атағына Ян Непомнящий (ФИДЕ) және Дин Лижень (ҚХР) таласады.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 31 қазанында шахматтан қазіргі 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен классикалық шахматтан әлем чемпионы атағын қорғаудан бас тартты, осыған байланысты 2022 жылғы турнирдің жеңімпаздығына үміткер Ян Непомнящийдің қарсыласы турнирде екінші орын алған Дин Лижень болды. Бұл спортшылар халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) әлемдік рейтингінде екінші және үшінші орындарды иеленеді: Ян Непомнящийдің рейтингі 2793, Дин Лиженьнің рейтингі 2788. Қандай нәтиже болса да бұл матч 17-ші, жаңа шахмат тәжінің иегерін анықтайды.
Астанада өтетін әлем чемпионаты алғашқы 40 айналымға 120 минут, келесі 20 айналымға 60 минут және 61-ші айналымға 30 секунд қосып қалған айналымдарға 15 минут уақыт бақылауымен 14 партиядан тұрады. Тең есеп болған жағдайда, қарсыластар рапидтан плей-офф ойнайды.
2 миллион еуро жүлде қорын толық қамтамасыз ететін турнирдің бас серіктесі және ұйымдастырушысы – Freedom Holding Corp.
Әлем чемпионатына ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович, шахматтан 14-ші әлем чемпионы Борис Крамник, шахматтан 15-ші әлем чемпионы Виши Ананд, әйелдер арасындағы шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы Хоу Ифань, сондай-ақ гроссмейстерлер – Данил Дубов, Виорел Бологан, әйелдер гроссмейстері, Латвияның бұрынғы экономика министрі және қаржы министрі Дана Рейзнице-Озола сияқты бірқатар атақты қонақ келеді деп болжанып отыр.
Чемпионат аясында қонақтар бір мезгілде бірқатар семинар мен ойын сеансын өткізеді.
2023 жылғы әлем чемпионатын өткізу барысында Қазақстан Республикасы мен әлемнің әйелдер құрама командалары (рапид және блиц) арасында халықаралық матч өтеді, сондай-ақ 14 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында Future World Champions 2023 I кезеңі өтеді. Бұл кезең 2023 жылғы Қазақстан Республикасы балалар Кубогының финалына қатысатын үміткерлерді анықтайды.
Жаңалықтар
0