Алматы әуежайын басып алу ісі: сотталушылар кінәсін мойындамады

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот процесі
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы әуежайын басып алды және оның аумағында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деп айыпталған сотталушылар өз кінәсін мойындамады.
Сотта бес адамның ісі қаралды, олар: азаматтық белсенділер Әйгерім Тілеужанова, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев және Жанайдар Кәрменов.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот процесі
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот процесі
Сотталушыларға әуежайды басып алды және әуежай қызметіне нұқсан келтірді деген айып тағылған.
"Мен өзіме тағылған айыптарды мойындамаймын. Бұл айыптаумен келіспеймін. Өйткені бұл адамдармен сотта ғана таныстым", - дейді Әйгерім Тілеужанова.
Ал сотталушы Кәрменовтың адвокаты соттан "Қазаэронавигациядан" құжаттарды талап ету туралы өтініш білдірді. Қорғаушы тараптың айтуынша, айыптау дәлелдермен расталмаған. Сондықтан олар соттан фактіні растау үшін әуежай аумағындағы ұшу-қону жолағының жарық-сигналдық жүйесін өшіру туралы жазба тіркелген "Қазаэронавигациядан" құжаттаманы, қызметтік журналды талап етуді сұрайды.
© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот процесі
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот процесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2023
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу ісі бойынша сот процесі
Айта кетері, 4 наурызда прокурорлар айыптау актісін оқыды. Мемлекеттік айыптаушылардың айтуынша, Тілеужанова мен Нұрпейісов әуежай қызметін тоқтатып, ҰҚШҰ әскерінің келуіне жол бермеу үшін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған. Бұған қалған сотталушылар ықпал етті. Әйгерім Тілеужановаға "Жаппай тәртіпсіздіктер" ұйымдастырды деген айып тағылса, Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаевқа үш бап бойынша айып тағылды. Олар – "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу", "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету)" және "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу". Ал Ермұхамед Шилібаев пен Жанайдар Кәрменов "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу", "Ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" бабымен айып тағылған.
Отырыс 2023 жылғы 11 сәуірде жалғасады, онда жәбірленуші тарап сөз сөйлейді.
Жаңалықтар
0