Шаңды дауыл, жаңбыр, тұман: синоптиктер 4 сәуірдегі ауа райын болжады

© Photo : Pixabay / ID 955169Капля дождя падает с зонта
Капля дождя падает с зонта - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазгидромет 4 сәуірдегі ауа райы болжамын бөлісті.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым аумағына антициклон жотасы өз әсерін тигізеді, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек еліміздің оңтүстігінде, күндіз оңтүстік-шығысында фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр, оңтүстігінде найзағаймен қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстік–шығыста өте қатты жел, оңтүстікте шаңды дауыл, батыста, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі.
Жетісу облысында, түнде Жамбыл облысында екпіні 30 м/с және одан аса болатын қатты жел сақталады.
Түнде Алматы, Жамбыл Жетісу облыстарында 1-6 градус суық сақталады.
Жаңалықтар
0