https://sputnik.kz/20230403/sauda-ministrligi-bagasy-arzandap-zhatqan-tauarlardy-atady-33518103.html
Сауда министрлігі бағасы арзандап жатқан тауарларды атады
Сауда министрлігі бағасы арзандап жатқан тауарларды атады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің алты түрі үш аптадан бері арзандап жатқанын хабарлады. 03.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-03T10:17+0500
2023-04-03T10:17+0500
2023-08-10T17:15+0500
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_d146e0355c70f6d9b4e0b60bcfa51d79.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің алты түрі үш аптадан бері арзандап жатқанын хабарлады.Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат пен қан бағасы төмендеп келеді.Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтың айтуынша, осы аптада қарақұмық жармасының бағасы тағы 1,3 процентке, қант 0,8 процентке, пияз 0,3 процентке және картоп 0,7 процентке төмендеген.Ал майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының ақпараты бойынша күнбағыс майы өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 19%-ке арзандады. Қазір отандық май зауыттарында өндірілетін тазартылған күнбағыс майының сату бағасы литріне 630-680 теңгені құрайды.Солтүстік Қазақстанда бағалар тұрақтанды. Ал Маңғыстау облысында баға төмендегені байқалады. Батыс Қазақстан облысында пияз (-2,9%) және қант (-3,8%) айтарлықтай арзандады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_b5c2eb0097f6eb715fe020e9c6c444dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар өнімдердің алты түрі үш аптадан бері арзандап жатқанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде қарақұмық жармасы, картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат пен қан бағасы төмендеп келеді.
Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтың айтуынша, осы аптада қарақұмық жармасының бағасы тағы 1,3 процентке, қант 0,8 процентке, пияз 0,3 процентке және картоп 0,7 процентке төмендеген.
"Сондай-ақ жалпы үш өңірде, яғни Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында күнбағыс майының бағасы 1,1%-ке төмендеді", - деді Әбілдабеков бүгінгі кеңесте.
Ал майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығының ақпараты бойынша күнбағыс майы өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда 19%-ке арзандады. Қазір отандық май зауыттарында өндірілетін тазартылған күнбағыс майының сату бағасы литріне 630-680 теңгені құрайды.
Солтүстік Қазақстанда бағалар тұрақтанды. Ал Маңғыстау облысында баға төмендегені байқалады. Батыс Қазақстан облысында пияз (-2,9%) және қант (-3,8%) айтарлықтай арзандады.