Санкт-Петербург дәмханасындағы жарылысқа қатысы бар күдікті ұсталды

© Sputnik / Артем Житенев / Медиабанкке өтуЖенщина в клетке для подсудимых. архивное фото
Женщина в клетке для подсудимых. архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Санкт-Петербургтегі дәмханада болған жарылысқа қатысы бар деген күдікке ілінген Дарья Трепова ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости.
"Санкт-Петербургтағы дәмханада болған жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Ресей тергеу комитетінің қызметкерлері жедел қызметтер өкілдерімен бірлесіп Дарья Трепованы ұстады", - деп хабарлады РФ тергеу комитеті.
Еске салсақ, кеше түнде қала жағалауындағы дәмханалардың бірінде жарылыс болып, оның салдарынан әскери журналист Владлен Татарский қаза тауып, 32 адам жарақат алды.
Ғимаратта Татарскийдің (шын аты – Максим Фомин) шығармашылық кеші өтіп жатқан. Жарылғыш затты кешке келушілердің бірі алып келген деген болжам бар. Қорапта "Татарскийге арналған сый" деген мүсінше болды.
Құқық қорғаушылар Санкт-Петербургте жарылған бомбаның қуаты тротил эквивалентінде 200 грамм болғанын айтты.
Жаңалықтар
0