Қоғам

Ресейде ұрланған көліктерді Қазақстанға әкеліп сатқан: қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында бір топ адам Ресейде ұрланған көліктерді тіркеу және сатумен айналысқан.
Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті 2020-2021 жылдар аралығында автокөліктерді Ресейден Қазақстанға заңсыз жолмен әкелген азаматтардың қылмысын әшкереледі.
"Аталған тұлғалар алдын ала келісім бойынша іздеудегі көліктерді Ресей Федерациясының аумағында сатып алып, кейіннен оларға жалған құжат жасап, соның негізінде шекарадан іс жүзінде өткізбей, Қазақстан аумағында тіркеген. Құжаттарды және мемлекеттік тіркеу нөмірін алған соң, шекарадан өтіп, сатып отырған", - деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Сот үкімімен үш адам 8, 7 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0