Қостанай облысында полиция қайтыс болған адамға қылмысты "мойындатқан"

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура кісі өлтіру ісінің жалған ашылу фактісін анықтады.
Ведомство мәліметінше, 33 жыл бұрын Қостанай облысының Федоров ауданында әйел кісіні өлтіру фактісі болған. Кейіннен қылмысты ізін суытпай ашу мүмкін болмағандықтан іс архивке өткізілген.
2022 жылы, яғни 32 жылдан кейін аудан полициясы кісі өлтірушіні анықтау және тергеуді аяқтау туралы баяндаған. Өз еркімен кінәсін мойындау негізінде "Ж" деген біреу кінәлі деп танылған. Бұл ретте, кісі өлтіру ісі күдіктінің қайтыс болуына байланысты тоқтатылған.
Алайда прокуратура анықтағандай, "Ж" кінәлі болып танылғаннан 5 жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Басқаша айтқанда, ол кінәсін мойындау туралы жазбаған, қылмыс жасаудағы кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденбеген. Осылайша, полиция қызметкерлері қылмыстың ашылу көрсеткіштерін жасанды түрде арттыру мақсатында қылмыстық заңнаманың негізгі қағидаттарын бұзған.
Прокуратура "Ж"-ны кінәлі деп тану туралы барлық процестік шешімдердің күшін жойды. Тергеп-тексеруді ұйымдастыру басқа органға жүктелді.Кінәлі қызметкерлерге қатысты жауапкершілікке тарту туралы мәселе көтерілді.
Жаңалықтар
0