https://sputnik.kz/20230403/qazaqstanda-atauly-komek-algan-94-myn-otbasy-kedeylikten-qutyldy-33519741.html
Атаулы әлеуметтік көмек алған 94 мың отбасы кедейліктен құтылды
Атаулы әлеуметтік көмек алған 94 мың отбасы кедейліктен құтылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. 2022 жылы Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасының 94,1 мыңы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлады еңбек... 03.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-03T12:51+0500
2023-04-03T12:51+0500
2023-04-03T12:53+0500
атаулы әлеуметтік көмек
кедейлік шегі
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. 2022 жылы Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасының 94,1 мыңы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.2022 жылы АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасын (728,7 мың адам) құрады, наурыздағы жағдай бойынша 84,7 мың отбасы АӘК (444,9 мың адам) алды.Өңірлік бөліністе өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 34,9 мың отбасы немесе 24,7%, Шымкент қаласында – 16,5 мың отбасы немесе 11,7%, Қызылорда облысында – 12,1 мың отбасы немесе 8,6%, Алматы облысында – 10,7 мың отбасы немесе 7,5%, Жамбыл облысында – 9,2 мың отбасы немесе 6,5%, Жетісу облысында – 8 мың отбасы немесе 5,6% тіркелген.АӘК алушылардың ең аз саны Ұлытау облысында – 654 отбасы немесе 0,5%, Атырау облысында – 1,2 мың отбасы немесе 0,8%, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 мың отбасы немесе 1,4%, Ақмола облысында – 2,6 мың отбасы немесе 1,8% тіркелген.АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.Жәрдемақыларды есептеуден бөлек АӘК жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді де (жұмыспен қамту, өз ісін ашуға ынталандырылған отбасыларға гранттар ұсыну, біліктілікті арттыру курстары және тағы басқа) қамтиды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атаулы әлеуметтік көмек, кедейлік шегі
атаулы әлеуметтік көмек, кедейлік шегі
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. 2022 жылы Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек алған 141,5 мың отбасының 94,1 мыңы кедейлік жағдайынан шықты, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
2022 жылы АӘК алушылар саны 141,5 мың отбасын (728,7 мың адам) құрады, наурыздағы жағдай бойынша 84,7 мың отбасы АӘК (444,9 мың адам) алды.
Өңірлік бөліністе өткен жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылардың ең көп саны Түркістан облысында – 34,9 мың отбасы немесе 24,7%, Шымкент қаласында – 16,5 мың отбасы немесе 11,7%, Қызылорда облысында – 12,1 мың отбасы немесе 8,6%, Алматы облысында – 10,7 мың отбасы немесе 7,5%, Жамбыл облысында – 9,2 мың отбасы немесе 6,5%, Жетісу облысында – 8 мың отбасы немесе 5,6% тіркелген.
АӘК алушылардың ең аз саны Ұлытау облысында – 654 отбасы немесе 0,5%, Атырау облысында – 1,2 мың отбасы немесе 0,8%, Солтүстік Қазақстан облысында – 2 мың отбасы немесе 1,4%, Ақмола облысында – 2,6 мың отбасы немесе 1,8% тіркелген.
АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
Жәрдемақыларды есептеуден бөлек АӘК жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді де (жұмыспен қамту, өз ісін ашуға ынталандырылған отбасыларға гранттар ұсыну, біліктілікті арттыру курстары және тағы басқа) қамтиды.