https://sputnik.kz/20230403/qazaqstan-2023-zhyldyn-mamyr-ayynan-bastap-munay-ondirudi-qysqartady-33515204.html
Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндіруді қысқартады
Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндіруді қысқартады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстан басқа ОПЕК+ елдерімен бірге осы жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндірісін одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр, деп... 03.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-03T07:26+0500
2023-04-03T07:26+0500
2023-04-03T07:26+0500
мұнай
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_39ab4659e57fbb1d2e08cf834d3d18b2.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстан басқа ОПЕК+ елдерімен бірге осы жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндірісін одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.Мұндай шешім 2022 жылдың 5 қазанындағы ОПЕК+ елдерінің 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы ретінде қабылданды.Сондай-ақ бірқатар ел – Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Кувейт және Оман өндірісті ерікті түрде қысқартатынын жариялады. Ресей 2023 жылдың соңына дейін өндірісті тәулігіне 500 мың баррельге қысқартатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейді қоспағанда, бірқатар ОПЕК+ елі жариялаған қосымша қысқарту тәулігіне 1,1 миллион баррельден асады деп бағаланды, деп хабарлады альянстағы дереккөз.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/0a/15434379_210:0:2941:2048_1920x0_80_0_0_0bb2e9843f1c59f6aea6ed7c7827c6e4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, қазақстан
Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндіруді қысқартады
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстан басқа ОПЕК+ елдерімен бірге осы жылдың мамыр айынан бастап мұнай өндірісін одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап басқа ОПЕК+ елдерімен бірге өз еркімен мұнай өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартады", - деп жазылған хабарламада.
Мұндай шешім 2022 жылдың 5 қазанындағы ОПЕК+ елдерінің 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы ретінде қабылданды.
Сондай-ақ бірқатар ел – Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Ирак, Кувейт және Оман өндірісті ерікті түрде қысқартатынын жариялады. Ресей 2023 жылдың соңына дейін өндірісті тәулігіне 500 мың баррельге қысқартатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейді қоспағанда, бірқатар ОПЕК+ елі жариялаған қосымша қысқарту тәулігіне 1,1 миллион баррельден асады деп бағаланды, деп хабарлады альянстағы дереккөз.