https://sputnik.kz/20230403/qaragandy-oblysynda-tasqyn-qaupi-seyildi-33544917.html
Қарағанды облысында тасқын қаупі сейілді
Қарағанды облысында тасқын қаупі сейілді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қарағанды өңірінде тасқын қаупі сейілді. Облыс аумағын тікұшақпен барлап өткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары осындай... 03.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-03T21:57+0500
2023-04-03T21:57+0500
2023-04-03T21:57+0500
қарағанды облысы
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/07e7/04/03/33544766_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_b27a2b8a7e396f9ee9f36788ac29c606.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қарағанды өңірінде тасқын қаупі сейілді. Облыс аумағын тікұшақпен барлап өткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары осындай қорытынды шығарды.Облыс әкімі су басу қаупі бар аймақтарды ұшақпен аралады. Мониторинг деректеріне сәйкес, бүгінде облыс аумағының 25%-да қар жамылғысы бар.Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ТЖД басшысы Мұрат Қатпановпен бірге Қарқаралы, Бұқар-Жырау, Шет және Абай аудандарының Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арнасы бойындағы су басу қаупі бар аумақтарды ұшып өтті. Елді мекендер маңындағы гидротехникалық құрылыстар, топырақ қорғандар мен бөгендер зерттелді."Белсенді су тасқыны процестері байқалмайды. Нұра өзені бойындағы Ақтоғай ауданының солтүстік аумақтары, Шет, Бұқар-Жырау ауданының оңтүстік-батыс бөлігі, Осакаров ауданының батыс бөлігі және Нұра ауданының солтүстік-шығыс жағының шағын бөлігі қар астында. Қардың тез еруіне наурыз айының басындағы плюстік температура, жауын-шашын, күзгі ылғалдың нормадан төмен болуы жақсы әсер етті. Қардың еріген суының белсенді фильтрациясы және жерге енуі бар. Өзендерде белсенді төгілулер және үлкен көлемдегі су ағыны байқалмайды", – деді Мұрат Қатпанов.Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/03/33544766_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_ea5c2488349e759a19af473142a8f581.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы, су тасқыны
қарағанды облысы, су тасқыны
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қарағанды өңірінде тасқын қаупі сейілді. Облыс аумағын тікұшақпен барлап өткен төтенше жағдайлар қызметінің мамандары осындай қорытынды шығарды.
Облыс әкімі су басу қаупі бар аймақтарды ұшақпен аралады. Мониторинг деректеріне сәйкес, бүгінде облыс аумағының 25%-да қар жамылғысы бар.
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ТЖД басшысы Мұрат Қатпановпен бірге Қарқаралы, Бұқар-Жырау, Шет және Абай аудандарының Нұра және Шерубай-Нұра өзендерінің арнасы бойындағы су басу қаупі бар аумақтарды ұшып өтті.
Елді мекендер маңындағы гидротехникалық құрылыстар, топырақ қорғандар мен бөгендер зерттелді.
"Белсенді су тасқыны процестері байқалмайды. Нұра өзені бойындағы Ақтоғай ауданының солтүстік аумақтары, Шет, Бұқар-Жырау ауданының оңтүстік-батыс бөлігі, Осакаров ауданының батыс бөлігі және Нұра ауданының солтүстік-шығыс жағының шағын бөлігі қар астында. Қардың тез еруіне наурыз айының басындағы плюстік температура, жауын-шашын, күзгі ылғалдың нормадан төмен болуы жақсы әсер етті. Қардың еріген суының белсенді фильтрациясы және жерге енуі бар. Өзендерде белсенді төгілулер және үлкен көлемдегі су ағыны байқалмайды", – деді Мұрат Қатпанов.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.