Марат Ахметжанов ішкі істер министрі қызметінде қалды

© Sputnik / Владислав ВодневПравительство
Правительство - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Марат Ахметжанов ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Ахметжанов туралы не білеміз?

Ахметжанов Марат 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген.1991 жылы Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Ол ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы, бас прокуратураның тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы болды.
2003-2006 жылдары – Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары – Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012-2014 жылдары –экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары – Атырау облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы, Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары.
2021 - 2022 жылдары - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2022 жылдың 25 ақпанында ішкі істер министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0