https://sputnik.kz/20230403/korshi-elderde-zhanarmay-bagasy-qansha-33538707.html
Көрші елдерде жанармай бағасы қанша
Көрші елдерде жанармай бағасы қанша
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанның жанар-жағармайы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Елдегі дизель отыны тапшылығына да осы себеп болып... 03.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-03T17:11+0500
2023-04-03T17:11+0500
2023-04-03T17:11+0500
бензин
шетел
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/07/18344451_18:0:3659:2048_1920x0_80_0_0_6dd615171f6d35396c51934bb45fb289.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанның жанар-жағармайы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Елдегі дизель отыны тапшылығына да осы себеп болып отыр. Бұл туралы энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі – бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Ол қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге шығарып сататындар жылына шамамен 140 млн доллар пайда тауып отырғанын айтты. "Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, былтыр наурызда Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын. Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отын сату көлемі азайғанын байқадық. Демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық жағынан тиімсіз болды. Алайда бір айдан кейін көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік", - дейді ведомство басшысы. Айтуынша, биыл да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде былтыр наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ке артқан. "Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна тапшылыққа тап болуымыз мүмкін. Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жапсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс істеп тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ", - деді Ақшолақов. Осы себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, деп санайды ол. Айта кетері, энергетика министрлігі сәуір айынан бастап жанар-жағармайдың шекті бөлшек сауда бағасын көтереді. Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбаса
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/07/18344451_473:0:3204:2048_1920x0_80_0_0_b1092d46ed5805c2350cde03bd6e98f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бензин, шетел
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Қазақстанның жанар-жағармайы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан. Елдегі дизель отыны тапшылығына да осы себеп болып отыр. Бұл туралы энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі – бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен салыстырғанда айтарлықтай арзан.
"Қазақстан әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарына кіреді. Мысалы, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне – 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ке қымбат. Қырғызстанда баға 64%-ке жоғары, яғни литріне –390 теңге, Өзбекстанда бізбен салыстырғанда екі ес қымбат –литріне 480 теңге, бағадағы айырмашылық – 101 пайыз", - дейді Ақшолақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Ол қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге шығарып сататындар жылына шамамен 140 млн доллар пайда тауып отырғанын айтты.
"Көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, былтыр наурызда Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын. Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отын сату көлемі азайғанын байқадық. Демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық жағынан тиімсіз болды. Алайда бір айдан кейін көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік", - дейді ведомство басшысы.
Айтуынша, биыл да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде былтыр наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ке артқан.
"Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна тапшылыққа тап болуымыз мүмкін. Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жапсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс істеп тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ", - деді Ақшолақов.
Осы себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, деп санайды ол.
Айта кетері, энергетика министрлігі сәуір айынан бастап жанар-жағармайдың шекті бөлшек сауда бағасын көтереді. Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбаса