https://sputnik.kz/20230403/batysta-bank-dagdarysy-tuyndady-ma-33649951.html
Батыста банк дағдарысы туындады ма
Батыста банк дағдарысы туындады ма
Sputnik Қазақстан
АҚШ билігі наурыз айында банктердің күйреуін тоқтатып, осылайша дағдарысқа тойтарыс берілді деп көрсетуге тырысуда. Алайда іс жүзінде олай емес. Ірі аймақтық... 03.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-03T18:12+0500
2023-04-03T18:12+0500
2023-04-11T16:13+0500
банк
https://sputnik.kz/img/1302/67/13026718_0:108:2197:1344_1920x0_80_0_0_58bd85a4b3d358cfcca2565850ddd36e.jpg
АҚШ билігі наурыз айында банктердің күйреуін тоқтатып, осылайша дағдарысқа тойтарыс берілді деп көрсетуге тырысуда. Алайда іс жүзінде олай емес. Ірі аймақтық банктер әлі де сын-тәуекелге ұшырап, салымшылар өз ақшасын алуды жалғастырып жатыр. Келесі кезекте АҚШ-тағы ірілігі бойынша 14-ші орында тұрған First Republic банкроттыққа ұшырауы мүмкін, деп жазды РИА Новости.Банкроттық легіне қатысты көп сарапшы мұның ең алдымен капиталы триллион доллардан асатын америкалық алпауыт банктер үшін тиімді екенін айтты. Олар ақша ағыны үшін бәсекелестерді әдейі банкротқа ұшыратады деген пікір қалыптасты. Қалай болғанда да бұл жолы Федералды резерв қаржы алпауыттарын First Republic банкін құтқаруға қатысуға мәжбүр етті.Ірі банктер оған отыз миллиард доллар жинап берді. Бірақ бұл көмектеспегені тез белгілі болды. First Republic акциялары бірінен соң бірі арзандап, бастапқыда олар 147 доллар болса, қазір 12-14 долларға саудаланып жатыр. Салымшылар ақшасын шығарып алуды жалғастырып жатыр. The Wall Street Journal басылымы First Republic құрдымға кеткеніне сенімді және ол туралы ашық жазды. Әдетте америкалық БАҚ жағымсыз қаржылық шындықты азаматтардан жасыруға дағдыланған."Банкроттық Еуропаға тез тарады. Швейцарияның аты аңызға айналған Credit Suisse банкі құлдырады. Содан кейін Deutsche Bank сияқты алпауыттардың акциялары сатылып кетті. Бүгінгі таңда француздың BNP Paribas және Societe General атты ірі банктерінде салық төлеуден жалтару мәселесі бойынша көптеген тексерулер жүргізілуіп жатыр", - деп жазды РИА Новости.Сарапшылар Батыс банктерінің жаппай күйреу мүмкіндігін жүйеде жиналған орасан зор қарыздармен түсіндіреді. Қаржы институттары жылдар бойы бір-біріне кредит беріп келеді. Соның салдарынан олардың ақшасының 90%-ке жуығы берешек қаражат. Ал бұл саладан тыс адамдар осының барлығы ел үкіметтерінің қате саясаты және банктердің ашкөздігі салдарынан туындап отыр деп есептейді.Биліктің баспа білдегін іске қосуына байланысты өткен жылы АҚШ пен Еуропадағы инфляция сегіз бен жиырма процент арасында болды. Салымдар бойынша мөлшерлемелер іс жүзінде көтерілген жоқ. Мысалы, Англияны қарастырсақ, мұнда тек ресми инфляция он бір проценттен асады. Ал шынайы жағдайда одан да жоғары. Бірақ елдегі барлық ірі банк жылдық депозитке 1,3%-тен аз мөлшерлеме ұсынады.Америкада да жағдай дәл осындай. Алайда Федералды резерв жүйесі мұнда бір жылдан бері мөлшерлемелерді көтеріп келеді. Инфляция он процентке жуықтаса, жылдық депозит бойынша орташа табыс 1,28%, бес жылдық депозит бойынша 1,21%-ті құрайды. Бұл іс жүзінде қаражатын сақтауға берген банкке азаматтардың өзі ақы төлеп отырғанын көрсетеді.Сондықтан салымшылардың банктердегі ақшасын алып, оны қалаған іске салып жатқаны түсінікті жағдай. Жеке тұлғалар жинақтарын сауда-саттықа жұмсап жатыр. Өйткені инфляция ақшаны бәрібір құнсыздандырады. Бизнес пен дәулетті адамдар алтын сатып алуға тырысып, акцияларға да көңіл бөліп жатыр. Бірақ азаматтарда билік кенеттен қымбат металды тәркілейді деген қауіп те бар. Мысалы, АҚШ-та 1933 жылы жеке тұлғаларға алтынды иеленуге тыйым салынды және бұл тыйым 1974 жылға дейін күшінде болды. Қалай болғанда да қазіргі үрдіс салымшылар банктердегі ақшасын шығарып алуға тырысып жатқаны айқын көрінеді."Бастапқыда триллион долларлаған қаражаты бар банктер бұл экономикалық дағдарыстан қорғалған сияқты көрінді. Алайда олай емес. АҚШ-тың ең ірі банктерінің өткен жылдағы есебі таңғаларлықтай. Америкадағы төртінші ірі банк болып табылатын Wells Fargo Group-тың 2022 жылы кірісі 2021 жылмен салыстырғанда 13 есе төмендеген. Оның акциялары бір жыл бұрынғыдан 27%-ке арзан. Көлемі бойынша екінші орындағы Bank of America акциялары 35%-ке төмендеген", - деп жазылған материалда.Банк акциялары есептер жарияланғаннан кейін бірден құлдырады. Сондықтан JP Morgan Chase өзінің қаржылық есебін жариялауға асықпайды. Бірақ аты аңызға айналған банк үлкен жанжалға ұшырады. CNBC телеарнасы банк иелері мінсіз СЕО маманы, миллиардер әрі демократиялық партияның жақтаушысы Джейми Даймонды жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады деп хабарлады. Дәл осы Джейми Даймон 2023 жылы әлем "экономикалық дауылға" тап болады деп болжам жасады.Джейми Даймонның 2019 жылы құпия жағдайда Нью-Йорктегі түрмеде көз жұмған "жеңгетай" Джефри Эпштейнмен байланысы болғаны анықталды. Федералды қызмет ол Эпштейнге адам саудасына қатысты істерде көмектесіп, одан түскен қаражатты JP Morgan Chase есепшотында сақтауға және тиімді инвестициялауға көмектесті деген күдікке ілінді. Джейми Даймон сот отырысы кезінде ант қабылдап, осыған қатысты жауап беруге уәде етті.Бірақ бұл шу JP Morgan Chase есебінен қоғам назарын бұру үшін әдейі жасалып отыр деген де күдік бар. Себебі мұндай алпауыт барнк акцияларының құлдырауы АҚШ пен Еуропада банк дағдарысы толыққанды туындағанын білдірер еді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1302/67/13026718_130:0:2067:1453_1920x0_80_0_0_e7ea15c31e57e4002a63ae5824941452.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк
АҚШ билігі наурыз айында банктердің күйреуін тоқтатып, осылайша дағдарысқа тойтарыс берілді деп көрсетуге тырысуда. Алайда іс жүзінде олай емес. Ірі аймақтық банктер әлі де сын-тәуекелге ұшырап, салымшылар өз ақшасын алуды жалғастырып жатыр. Келесі кезекте АҚШ-тағы ірілігі бойынша 14-ші орында тұрған First Republic банкроттыққа ұшырауы мүмкін, деп жазды
РИА Новости.
Банкроттық легіне қатысты көп сарапшы мұның ең алдымен капиталы триллион доллардан асатын америкалық алпауыт банктер үшін тиімді екенін айтты. Олар ақша ағыны үшін бәсекелестерді әдейі банкротқа ұшыратады деген пікір қалыптасты. Қалай болғанда да бұл жолы Федералды резерв қаржы алпауыттарын First Republic банкін құтқаруға қатысуға мәжбүр етті.
Ірі банктер оған отыз миллиард доллар жинап берді. Бірақ бұл көмектеспегені тез белгілі болды. First Republic акциялары бірінен соң бірі арзандап, бастапқыда олар 147 доллар болса, қазір 12-14 долларға саудаланып жатыр. Салымшылар ақшасын шығарып алуды жалғастырып жатыр. The Wall Street Journal басылымы First Republic құрдымға кеткеніне сенімді және ол туралы ашық жазды. Әдетте америкалық БАҚ жағымсыз қаржылық шындықты азаматтардан жасыруға дағдыланған.
"Банкроттық Еуропаға тез тарады. Швейцарияның аты аңызға айналған Credit Suisse банкі құлдырады. Содан кейін Deutsche Bank сияқты алпауыттардың акциялары сатылып кетті. Бүгінгі таңда француздың BNP Paribas және Societe General атты ірі банктерінде салық төлеуден жалтару мәселесі бойынша көптеген тексерулер жүргізілуіп жатыр", - деп жазды РИА Новости.
Сарапшылар Батыс банктерінің жаппай күйреу мүмкіндігін жүйеде жиналған орасан зор қарыздармен түсіндіреді. Қаржы институттары жылдар бойы бір-біріне кредит беріп келеді. Соның салдарынан олардың ақшасының 90%-ке жуығы берешек қаражат. Ал бұл саладан тыс адамдар осының барлығы ел үкіметтерінің қате саясаты және банктердің ашкөздігі салдарынан туындап отыр деп есептейді.
Биліктің баспа білдегін іске қосуына байланысты өткен жылы АҚШ пен Еуропадағы инфляция сегіз бен жиырма процент арасында болды. Салымдар бойынша мөлшерлемелер іс жүзінде көтерілген жоқ. Мысалы, Англияны қарастырсақ, мұнда тек ресми инфляция он бір проценттен асады. Ал шынайы жағдайда одан да жоғары. Бірақ елдегі барлық ірі банк жылдық депозитке 1,3%-тен аз мөлшерлеме ұсынады.
Америкада да жағдай дәл осындай. Алайда Федералды резерв жүйесі мұнда бір жылдан бері мөлшерлемелерді көтеріп келеді. Инфляция он процентке жуықтаса, жылдық депозит бойынша орташа табыс 1,28%, бес жылдық депозит бойынша 1,21%-ті құрайды. Бұл іс жүзінде қаражатын сақтауға берген банкке азаматтардың өзі ақы төлеп отырғанын көрсетеді.
Сондықтан салымшылардың банктердегі ақшасын алып, оны қалаған іске салып жатқаны түсінікті жағдай. Жеке тұлғалар жинақтарын сауда-саттықа жұмсап жатыр. Өйткені инфляция ақшаны бәрібір құнсыздандырады. Бизнес пен дәулетті адамдар алтын сатып алуға тырысып, акцияларға да көңіл бөліп жатыр. Бірақ азаматтарда билік кенеттен қымбат металды тәркілейді деген қауіп те бар. Мысалы, АҚШ-та 1933 жылы жеке тұлғаларға алтынды иеленуге тыйым салынды және бұл тыйым 1974 жылға дейін күшінде болды. Қалай болғанда да қазіргі үрдіс салымшылар банктердегі ақшасын шығарып алуға тырысып жатқаны айқын көрінеді.
"Бастапқыда триллион долларлаған қаражаты бар банктер бұл экономикалық дағдарыстан қорғалған сияқты көрінді. Алайда олай емес. АҚШ-тың ең ірі банктерінің өткен жылдағы есебі таңғаларлықтай. Америкадағы төртінші ірі банк болып табылатын Wells Fargo Group-тың 2022 жылы кірісі 2021 жылмен салыстырғанда 13 есе төмендеген. Оның акциялары бір жыл бұрынғыдан 27%-ке арзан. Көлемі бойынша екінші орындағы Bank of America акциялары 35%-ке төмендеген", - деп жазылған материалда.
Банк акциялары есептер жарияланғаннан кейін бірден құлдырады. Сондықтан JP Morgan Chase өзінің қаржылық есебін жариялауға асықпайды. Бірақ аты аңызға айналған банк үлкен жанжалға ұшырады. CNBC телеарнасы банк иелері мінсіз СЕО маманы, миллиардер әрі демократиялық партияның жақтаушысы Джейми Даймонды жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады деп хабарлады. Дәл осы Джейми Даймон 2023 жылы әлем "экономикалық дауылға" тап болады деп болжам жасады.
Джейми Даймонның 2019 жылы құпия жағдайда Нью-Йорктегі түрмеде көз жұмған "жеңгетай" Джефри Эпштейнмен байланысы болғаны анықталды. Федералды қызмет ол Эпштейнге адам саудасына қатысты істерде көмектесіп, одан түскен қаражатты JP Morgan Chase есепшотында сақтауға және тиімді инвестициялауға көмектесті деген күдікке ілінді. Джейми Даймон сот отырысы кезінде ант қабылдап, осыған қатысты жауап беруге уәде етті.
Бірақ бұл шу JP Morgan Chase есебінен қоғам назарын бұру үшін әдейі жасалып отыр деген де күдік бар. Себебі мұндай алпауыт барнк акцияларының құлдырауы АҚШ пен Еуропада банк дағдарысы толыққанды туындағанын білдірер еді.