Атырауда тағы қамыс өртенді

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуВозгорание камыша, архивное фото
Возгорание камыша, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Атырауда жалпы аумағы 89,5 гектарды құрайтын қамыс өртенді, деп хабарлайды Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті.
2 сәуір күні сағат 09.12 шамасында Каспий теңізінің жағалауындағы Дамбы ауылынан 30 шақырым жерде "Ақжайық" табиғи резерватының аумағында қамыс өртенгені анықталды.
"Бүгінгі таңда қамыс шарпыған өрттің жалпы ауданы 89,5 гектарды құрайды. Кеше Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері 82,5 гектар аумақта өртті жою жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, қамыс өсімдіктерінің өртін сөндіру қатты екпінді жел мен аймақтың сулы-батпақты болуы күрделендіріп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Бүгін сағат 8.30-да Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары өрт ошақтарына жетті.
Қазір өртті сөндіруге Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінен 40 құтқарушы, 7 техника, 3 мотопомпа, сондай-ақ "Ақ Жайық" резерватынан 30 адам, 9 техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды.
Бұған дейін қала тұрғындары қою түтін мен айналаны көрудің нашарлағанына шағымданған болатын. Атырау тұрғынының бірі түсірген видеода қою тұман бейнеленген. Түтін мен ыстың иісіне байланысты оқушылар мен студенттер қашықтан оқу форматына көшірілді.
Жаңалықтар
0