https://sputnik.kz/20230403/atyrau-auezhay-17-mln-tenge-ayyppul-33519288.html
Атырау әуежайына 1,7 млн теңге айыппұл салынды
Атырау әуежайына 1,7 млн теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Атырау әуежайы жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 03.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-03T10:39+0500
2023-04-03T10:39+0500
2023-04-03T10:39+0500
қоғам
атырау
әуежай
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_937269750c76e02127da04f775abe495.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Атырау әуежайы жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды."Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ қызмет көрсету сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру аясында былтыр желтоқсанда 2021 жылы инспекциялық тексеріс қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді орындау және жою бойынша Атырау әуежайына жоспардан тыс инспекциялық тексеріс жүргізген.Қорытынды тексеріс барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, жолаушылар лифтінің болмауы, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін шарттардың заңнамалық талаптарға сай келмеуі, 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдары жоспарының орындалмауы."Тексеріс нәтижесі бойынша инспекторлық нұсқама жазылып, анықталған ескертулерді жою жөнінде іс-қимыл жоспары жасалды. Оны орындауға бір ай уақыт берілді. Алайда анықталған ескертулер мерзімінде жойылмаған. Сол себепті "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ-ға инспекторлық нұсқаманы орындамағаны және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын сақтамағаны үшін 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.Комитет Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын бұзғаны үшін азаматтық авиация субъектілерін әкімшілік жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастырады.
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15742581_524:0:2775:1688_1920x0_80_0_0_59e260f84ccf96484285465180775f67.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, әуежай, айыппұл
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Атырау әуежайы жолаушыларға сапасыз қызмет көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ қызмет көрсету сапасын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру аясында былтыр желтоқсанда 2021 жылы инспекциялық тексеріс қорытындысы бойынша анықталған ескертулерді орындау және жою бойынша Атырау әуежайына жоспардан тыс инспекциялық тексеріс жүргізген.
Қорытынды тексеріс барысында жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін заңбұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, жолаушылар лифтінің болмауы, жүріп-тұруы шектеулі жолаушыларға қызмет көрсету үшін шарттардың заңнамалық талаптарға сай келмеуі, 2021-2022 жылдарға арналған түзету іс-қимылдары жоспарының орындалмауы.
"Тексеріс нәтижесі бойынша инспекторлық нұсқама жазылып, анықталған ескертулерді жою жөнінде іс-қимыл жоспары жасалды. Оны орындауға бір ай уақыт берілді. Алайда анықталған ескертулер мерзімінде жойылмаған. Сол себепті "АТМА – Атырау әуежайы және тасымалдау" АҚ-ға инспекторлық нұсқаманы орындамағаны және Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын сақтамағаны үшін 500 АЕК (1 725 000 теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды", - деп хабарлады Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Комитет Қазақстанның қолданыстағы заңнамасын бұзғаны үшін азаматтық авиация субъектілерін әкімшілік жауапқа тарту бойынша жұмысты жалғастырады.