Алматы 2023-2024 жылдарға ШЫҰ-ның мәдени және туристік астанасы болды

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень в Алматы
Осень в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдер министрлері 2023-2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматы қаласын бекіту ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ведомство басшысының міндетін атқарушы Асхат Оралов Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кеңесіне қатысты. Онлайн-кездесуге Үндістан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Пәкістан өкілдері де қатысты.
Асхат Оралов Алматы қаласына ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдарға мәдени және туристік астанасы мәртебесін беру туралы мәселені көтерді.
"Мен Кейн мырзаға және барлық қатысушыларға біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда Алматы қаласында 14 іс-шараны көздейтін жоспар әзірледік. Бұл халықаралық туристік және мәдени фестивальдер, сондай-ақ марафондар. Қазақстанның ШЫҰ-ға төрағалығы да ауқымды мәдени бағдарламамен сүйемелденетін болады.
ШЫҰ елдерімен барлық салада, оның ішінде туризм бағыты бойынша да ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады. Алматының мәдени және туристік астана ретінде бекітілуі туризм саласындағы көрсеткіштерді жақсарта түседі.
Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижелерімен танысуға шақырамын", - деді Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы.
Еске салайық, Қазақстан 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына төрағалық етеді.
Жаңалықтар
0