Жаңбыр жауып, үсік жүреді: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын болжады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Қазгидромет ертең ауа райы қандай болатынын болжады.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады.
"Тек елдің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республика бойынша оңтүстік-шығыста өте қатты жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болады, ал батыста тұман түседі деп болжанып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Қазгидромет ақпаратына сәйкес, Жетісу, Жамбыл облыстарында 30 м/с және одан да қатты жылдамдықпен жел соғады. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.
Түнде Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градус, Жетісу облысында 2-7 градус, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында 1 градус үсік жүреді.
Астанада түнде ауа температурасы -1 -3 градусты көрсетеді және көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Ал күндіз ауа температурасы +12 +14 градусқа дейін көтеріліп, ауа райы ашық болады және көшпелі бұлт жүреді.
Алматы қаласында түнде термометр бағаны -1 -3 суықты көрсетіп, көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Ал күндіз +14 +16 градусқа дейін күн жылынып, көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Шымкентте түнде ауа температурасы +7 +9 градус деңгейінде болып, көшпелі бұлт жүреді, жаңбыр жауады және найзағай соғады. Ал күндіз +18 +20 градусқа дейін күн жылынғанымен, көшпелі бұлт жүріп, найзағай соғып, жаңбыр жаууы мүмкін.
Жаңалықтар
0