https://sputnik.kz/20230402/tarazdyq-galymdar-zilzala-zardabyn-azaytatyn-qurylys-zattaryn-shygardy-33510900.html
Тараздық ғалымдар зілзала зардабын азайтатын құрылыс заттарын шығарды
Тараздық ғалымдар зілзала зардабын азайтатын құрылыс заттарын шығарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Тараздық ғылыми қызметкерлер зілзала зардабын едәуір азайтатын құрылыс заттарын ойлап тапты, деп хабарлады Хабар 24. 02.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-02T16:13+0500
2023-04-02T16:13+0500
2023-04-02T16:14+0500
құрылыс
ғалымдар
https://sputnik.kz/img/361/42/3614234_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_bf8d6fe43d6bc2309ce3b229cf6b4af6.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Тараздық ғылыми қызметкерлер зілзала зардабын едәуір азайтатын құрылыс заттарын ойлап тапты, деп хабарлады Хабар 24.Өңірлік университетте жұмыс істейтін ғалым талшықты бетон жасаған. Ерекшелігі соққыға төзімді, жарылып кетпейді. Бетон ішіне темір қалдықтары мен сымдар қосылған. Ал екінші ғалым ғимарат іргетасына орнатылатын қаданың екі түрін шығарды. Пішіні де қолданыстағы тік бағаннан өзгеше. Бірі пирамидалы-призмалы болса, кейінгісінің кеңейтілген бөліктері бар. Сейсмикалық соққыға төзімді бағандар 5 есеге дейін жүк көтереді."Құрылысқа кететін жұмыс уақытын қысқартады. Сонымен қатар экономикалық жағынан да тиімді болып келеді. Жер сілкінісі кездерінде жерге қағылған қадаларда суырып алу жүктемесі пайда болады. Сол жүктемелерге біздің зерттеліп жатқан қадаларымыз жақсы төтеп бере алады", - дейді ғылыми қызметкер Нұржан Шаншабаев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/361/42/3614234_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_22ed3461ae8a02c0149827e09eb04cf0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, ғалымдар
Тараздық ғалымдар зілзала зардабын азайтатын құрылыс заттарын шығарды
16:13 02.04.2023 (жаңартылды: 16:14 02.04.2023) АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Тараздық ғылыми қызметкерлер зілзала зардабын едәуір азайтатын құрылыс заттарын ойлап тапты, деп хабарлады
Хабар 24. Өңірлік университетте жұмыс істейтін ғалым талшықты бетон жасаған. Ерекшелігі соққыға төзімді, жарылып кетпейді. Бетон ішіне темір қалдықтары мен сымдар қосылған. Ал екінші ғалым ғимарат іргетасына орнатылатын қаданың екі түрін шығарды. Пішіні де қолданыстағы тік бағаннан өзгеше. Бірі пирамидалы-призмалы болса, кейінгісінің кеңейтілген бөліктері бар. Сейсмикалық соққыға төзімді бағандар 5 есеге дейін жүк көтереді.
"Құрылысқа кететін жұмыс уақытын қысқартады. Сонымен қатар экономикалық жағынан да тиімді болып келеді. Жер сілкінісі кездерінде жерге қағылған қадаларда суырып алу жүктемесі пайда болады. Сол жүктемелерге біздің зерттеліп жатқан қадаларымыз жақсы төтеп бере алады", - дейді ғылыми қызметкер Нұржан Шаншабаев.