https://sputnik.kz/20230402/serik-kudebaev-shetelge-qashyp-ketti-degen-aqparat-tarady--advokaty-ne-deydi-33500798.html
Серік Күдебаев шетелге қашып кетті деген ақпарат тарады – адвокаты не дейді?
Серік Күдебаев шетелге қашып кетті деген ақпарат тарады – адвокаты не дейді?
Sputnik Қазақстан
ТАЛДЫҚОРҒАН, 2 сәуір — Sputnik. Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев елден қашып кетті деген сыбысқа қатысты оның адвокаты... 02.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-02T09:01+0500
2023-04-02T09:01+0500
2023-04-02T09:01+0500
сот
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551142_0:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_13bafe4400d7752c8a4e622736a24210.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 2 сәуір — Sputnik. Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев елден қашып кетті деген сыбысқа қатысты оның адвокаты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Полиция генералының соты 5 қаңтарда Талдықорғанда басталды. Соңғы бес отырыс сотталушының денсаулығының сыр беруіне қатысты кейінге қалдырылды. Ол Алматы ауруханаларының біріне жатқызылды деп хабарланды.Бейсенбі Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі Күдебаевтың отырысқа қатыспауына қандай кедергілер барын білмейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты сот 3 сәуірге жоспарланған келесі отырысқа сотталушыны мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды.Sputnik Қазақстан тілшісі Күдебаев қашып кетті деген сыбысқа қатысты оның адвокатынан түсініктеме беруді сұрады.2022 жылдың мамырында Серік Күдебавқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және азаптады деген айып тағылды. 28 ақпанда прокурор соттан Күдебаевты 9 жылға соттауды және полиция генерал-майоры арнайы атағы мен мемлекеттік наградалардан айыруды, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеп, өзін ақтауды және қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32551142_456:0:3185:2047_1920x0_80_0_0_59dd6faeb27b8d820baceb219e432314.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот
Серік Күдебаев шетелге қашып кетті деген ақпарат тарады – адвокаты не дейді?
ТАЛДЫҚОРҒАН, 2 сәуір — Sputnik. Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев елден қашып кетті деген сыбысқа қатысты оның адвокаты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полиция генералының соты 5 қаңтарда Талдықорғанда басталды. Соңғы бес отырыс сотталушының денсаулығының сыр беруіне қатысты кейінге қалдырылды. Ол Алматы ауруханаларының біріне жатқызылды деп хабарланды.
Бейсенбі Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі Күдебаевтың отырысқа қатыспауына қандай кедергілер барын білмейтінін мәлімдеді. Осыған байланысты сот 3 сәуірге жоспарланған келесі отырысқа сотталушыны мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды.
Sputnik Қазақстан тілшісі Күдебаев қашып кетті деген сыбысқа қатысты оның адвокатынан түсініктеме беруді сұрады.
"Өкінішке қарай, біз бұл ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмаймыз. Бізде ешқандай ақпарат жоқ", - деп хабарлады сотталушы адвокаттарының бірі Руслан Баймақов.
2022 жылдың мамырында Серік Күдебавқа қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды және азаптады деген айып тағылды. 28 ақпанда прокурор соттан Күдебаевты 9 жылға соттауды және полиция генерал-майоры арнайы атағы мен мемлекеттік наградалардан айыруды, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік құрылымдарда қызмет атқару құқығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеп, өзін ақтауды және қылмыстық қудалауды тоқтатуды сұрады.