https://sputnik.kz/20230402/reseyde-kaspiy--dostyq-tenizi-motosherui-bastaldy-33504816.html
Ресейде "Каспий – достық теңізі" мотошеруі басталды
Ресейде "Каспий – достық теңізі" мотошеруі басталды
Sputnik Қазақстан
Жобаға қатысушылар 11 күн ішінде мотоциклмен 5 мың шақырымға жуық жол жүруді жоспарлап отыр 02.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-02T11:30+0500
2023-04-02T11:30+0500
2023-04-02T11:30+0500
каспий
https://sputnik.kz/img/07e7/04/02/33501039_0:92:1059:688_1920x0_80_0_0_1a85dc1125f3f36225c1a1330218dd0c.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Астрахань қаласында Каспий теңізі маңы елдерін аралайтын мотоцикл жорығы басталды.Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің айтуынша, бұл Каспий маңы елдерімен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірегей халықаралық жоба."Шекара маңы аймақтарының басшыларымен және Каспий маңы мемлекеттерінің көшбасшыларымен жеке сөйлесу, экономикалық, мәдени, білім беру саласындағы байланыстар мен жобаларды дамыту мәселелерін талқылау мүмкіндігі – бұл ерекше геостратегиялық мәртебесі бар Ресей Федерациясының шекаралас субъектісі ретіндегі біздің ерекше миссиямыз", - деп жазды губернатор өзінің Telegram-арнасында.Ресей делегациясы Каспий маңы елдерінің ресми тұлғаларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр."Қазақстанның Атырау мен Ақтау, Түрікменстанның Ашхабад пен Түрікменбашы, Иранның Бабольсере мен Решт, Әзербайжанның Астара мен Баку, Ресейдің Каспийск қалаларына барамыз", - деді губернатор.Ол Атырау мен Ақтау арасындағы ең ұзын қашықтық 905 шақырымды, Астрахань мен Атырау арасындағы ең қысқа қашықтық 360 шақырымды құрайтынын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/02/33501039_10:0:1050:780_1920x0_80_0_0_9d960619c2882119b4852c782a514018.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий
Ресейде "Каспий – достық теңізі" мотошеруі басталды
Жобаға қатысушылар 11 күн ішінде мотоциклмен 5 мың шақырымға жуық жол жүруді жоспарлап отыр
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Астрахань қаласында Каспий теңізі маңы елдерін аралайтын мотоцикл жорығы басталды.
Астрахань облысының губернаторы Игорь Бабушкиннің айтуынша, бұл Каспий маңы елдерімен тату көршілік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған бірегей халықаралық жоба.
"Шекара маңы аймақтарының басшыларымен және Каспий маңы мемлекеттерінің көшбасшыларымен жеке сөйлесу, экономикалық, мәдени, білім беру саласындағы байланыстар мен жобаларды дамыту мәселелерін талқылау мүмкіндігі – бұл ерекше геостратегиялық мәртебесі бар Ресей Федерациясының шекаралас субъектісі ретіндегі біздің ерекше миссиямыз", - деп жазды губернатор өзінің Telegram-арнасында.
Ресей делегациясы Каспий маңы елдерінің ресми тұлғаларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.
"Қазақстанның Атырау мен Ақтау, Түрікменстанның Ашхабад пен Түрікменбашы, Иранның Бабольсере мен Решт, Әзербайжанның Астара мен Баку, Ресейдің Каспийск қалаларына барамыз", - деді губернатор.
Ол Атырау мен Ақтау арасындағы ең ұзын қашықтық 905 шақырымды, Астрахань мен Атырау арасындағы ең қысқа қашықтық 360 шақырымды құрайтынын айтты.