Алматыда үш турист тауға шығып бара жатқанда қар көшкіні жүрді

© Sputnik / Овчинников / Медиабанкке өтуҚар көшкіні. Архивтегі фото
Қар көшкіні. Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының құтқарушылары тауда үш туристі құтқарды, деп хабарлады alataunews.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 сәуірінде сағат 16:35-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші-диспетчерлік бөлімшесіне Алматы қаласы ТЖД жедел кезекшісінен шақыру келіп түскен.
Үш адам Бутаков асуынан Букреев шыңына көтеріліп бара жатқан уақытта қар көшкіні жүріп, бір турист төменге қарай сырғып түскен. Осыған байланысты бес адамнан тұратын Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқару тобы көмекке аттанды. Сонымен қатар адамдарды іздеуге Алматы қаласының Құтқару қызметінің құтқарушылары қосымша жіберілді.
Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекшісі оқиға орнының локациясын жіберген өтініш берушімен байланысқа шықты. Ол туристік маршрут бойынша тауға көтерілу кезінде қар көшкіні салдарынан жолдастарынан қалып қойған.
Ол ешқайда жүрмей құтқарушылардың көмегін күткен. Туристермен ұялы телефон арқылы байланысқа шыққан Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 18.43-те зардап шеккендермен визуалды байланыс орнатқан.
20 минуттан кейін РЖҚЖ құтқару тобы туристерге жетіп, зардап шеккендерді төменге түсіру жұмыстарын бастады. Сағат 19:55-те туристерді төмен түсіру жұмыстары аяқталды, құтқарушылар оларды Бутаков шатқалындағы автотұраққа дейін жеткізді. Адамдарға медициналық көмек қажет болмады.
Жаңалықтар
0