Рамазан айы кезінде ауызашар қалай өтеді – әлем елдерінде түсірілген суреттер
Рамазан айы кезінде ауызашар қалай өтеді – әлем елдерінде түсірілген суреттер
Sputnik Қазақстан
Қазақстан және басқа да әлем елдерінде қасиетті Рамазан айында ораза ұстайтын адамдар ауыз ашатын кешкі уақытта әдетте туыстары және жақындарымен бір дастархан... 01.04.2023, Sputnik Қазақстан
Қазақстан және басқа да әлем елдерінде қасиетті Рамазан айында ораза ұстайтын адамдар ауыз ашатын кешкі уақытта әдетте туыстары және жақындарымен бір дастархан басында жиналады.Діндарлар ауыз бекітуге аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Рамазан айында ораза тұтқан мұсылмандар күн шықпаған, яғни қараңғы уақытта тамақтанады.Бұл қасиетті айда мұқтаж жандарға ас ұсынып, тойдыру сауабы мол істердің бірі саналады.Рамазан айы әлем елдерінде қалай өтіп жатқаны туралы суреттер топтамасынан көріңіздер.
Қазақстан және басқа да әлем елдерінде қасиетті Рамазан айында ораза ұстайтын адамдар ауыз ашатын кешкі уақытта әдетте туыстары және жақындарымен бір дастархан басында жиналады.
Діндарлар ауыз бекітуге аса үлкен жауапкершілікпен қарайды. Рамазан айында ораза тұтқан мұсылмандар күн шықпаған, яғни қараңғы уақытта тамақтанады.
Бұл қасиетті айда мұқтаж жандарға ас ұсынып, тойдыру сауабы мол істердің бірі саналады.
Рамазан айы әлем елдерінде қалай өтіп жатқаны туралы суреттер топтамасынан көріңіздер.
Сүннет бойынша ауызды құрмамен немесе сумен ашады. Мұхаммед Пайғамбар былай деп айтқан: "Егер де біреулерің ауыз ашатын болсаңдар, құрмамен ашыңдар, ал егер құрма табылмаса, сумен ашыңдар, шын мәнінде ол тазартады". Суретте: Мароккода Рамазан айында жұмысшылар ауызашарға арнап тағам салынған қораптарды дайындап жатыр.
Ауыз ашуға, яғни тамақтануға күн батқаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Суретте: даяшы Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерге арналған алғашқы ауызашар алдында дастархан жайып жатыр.
Рамазан айында мүміндер күндізгі уақытта ішіп-жеуден бас тартады. Суретте: Үндістанның Нью-Дели қаласындағы Джама Масджидте ер адамдар қасиетті Рамазан айының бірінші күні тамақтанып отыр.
Бұл айда мұсылмандар төзімділік пен мейірімділікті сақтауға, мұқтаж жандарға көмектесуге тырысуы керек. Суретте: Газада Рамазан айында ыстық тамақ алуға кезекке тұрған балалар.
Бұл айда уақытты мешітте өткізу, күні бойына созылған оразадан кейін үлкен дастархан басына жиналу әдетке айналған. Суретте: қайырымдылық ұйымының волонтерлері Рамазан айында Бейруттың оңтүстік шетіндегі шейіттер аймағында таң алдында сәресіге арналған тағамды таратып жатыр.
Бұл тамақтан бас тарту ғана емес, адам өз ойы мен іс-әрекетін тазартатын, кішіпейілділік пен тақуалықты, өзара көмек пен қолдау көрсетуге бейімделетін уақыт. Суретте: Пәкістанның Равалпинди қаласындағы мешітте еріктілер мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы кезінде адамдарға таратуға арналған тағамдарды дайындап жатыр.
Ауыз ашатын уақыт ақшам намазының уақытында белгіленеді. Сондай-ақ мұсылмандар таңертең күн шұғыласы білінгенге дейін ауыз бекітіп үлгеру керек. Суретте: Ер адамдар Джакартада Рамазан айында тамақтанатын уақытты күтіп отыр.
Ауыз ашатын уақытта әрбір мұсылман шамадан тыс тамақтанудан тартынуы керек. Сәресі кезінде де жеңіл тамақтанған абзал. Суретте: Таиландтың оңтүстігіндегі Наратхиват провинциясындағы мұсылмандар қасиетті Рамазан айында ораза тұтар алдында базардан азық-түлік сатып алып жатыр.