https://sputnik.kz/20230401/bas-mufti-almatyda-ziyaly-qauym-okilderine-auyzashar-berdi-33499869.html
Бас мүфти Алматыда зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берді
Бас мүфти Алматыда зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда зиялы қауым өкілдеріне, түрлі сала... 01.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-01T19:48+0500
2023-04-01T19:48+0500
2023-04-01T19:48+0500
ауызашар
https://sputnik.kz/img/1384/85/13848553_0:15:2000:1140_1920x0_80_0_0_2c3851b4395226dc6fc4be5c332f35a8.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда зиялы қауым өкілдеріне, түрлі сала қызметкерлеріне, сондай-ақ қарттар және балалар үйіндегі жандарға арнайы ауызашар берді. Бұл туралы діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.Бас мүфти ауызашарда жұртты Рамазан айының келуімен құттықтап, сауапты амалдарды жасауға шақырды.Ағабек Қонарбайұлының мәліметінше, өз кезегінде құттықтау сөз кезегін алған ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері бас мүфтиге алғыс білдіріп, діни басқарманың игі бастамаларына сәттілік тіледі."Ауызашар дастарқанында термелер орындалып, жас таланттардан құралған бір топ жігіттер заманауи дәстүр үрдісімен жарапазан жырын айтты. Сонымен қатар бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға және балаларға арнайы рамазан сыйын табыстады", - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1384/85/13848553_51:0:1831:1335_1920x0_80_0_0_947925545c3e4875960ce87e90c247eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауызашар
Бас мүфти Алматыда зиялы қауым өкілдеріне ауызашар берді
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда зиялы қауым өкілдеріне, түрлі сала қызметкерлеріне, сондай-ақ қарттар және балалар үйіндегі жандарға арнайы ауызашар берді.
Бұл туралы діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желідегі
парақшасында жазды.
Бас мүфти ауызашарда жұртты Рамазан айының келуімен құттықтап, сауапты амалдарды жасауға шақырды.
"Берекелі айда көбірек сауапты амал жасауға асығайық. Ата-анамыздың, қазыналы қарттарымыздың дұғасы мен алғысын алуға тырысайық. Мүмкіндікке қарай мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрап, сауап алайық", - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ағабек Қонарбайұлының мәліметінше, өз кезегінде құттықтау сөз кезегін алған ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері бас мүфтиге алғыс білдіріп, діни басқарманың игі бастамаларына сәттілік тіледі.
"Ауызашар дастарқанында термелер орындалып, жас таланттардан құралған бір топ жігіттер заманауи дәстүр үрдісімен жарапазан жырын айтты. Сонымен қатар бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарға және балаларға арнайы рамазан сыйын табыстады", - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.