https://sputnik.kz/20230401/astanada-reseyde-bilim-al-atty-bilim-kormesi-ashyldy-33498758.html
Астанада "Ресейде білім ал" атты көрме ашылды
Астанада "Ресейде білім ал" атты көрме ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Астанадағы көрмеге Ресейдің 39 жетекші жоғары оқу орнының өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлады сенбіде "Русский дом". 01.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-01T18:08+0500
2023-04-01T18:08+0500
2023-04-01T18:34+0500
ресей
білім
https://sputnik.kz/img/07e7/04/01/33496879_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_2d6209bd300626ed34d1995b07f3e9b2.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Астанадағы көрмеге Ресейдің 39 жетекші жоғары оқу орнының өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлады сенбіде "Русский дом". Көрмеде ұсынылған университеттер мамандарды даярлаудың барлық дерлік бағыты бойынша жоғары білімді ұсынады. Көрме басталғаннан кейін достарымен немесе туыстарымен келген ондаған үміткер стендтерге жақын келіп, қажетті мәліметті сұрастыра бастады, деп хабарлады "Русский дом" өкілдері. Сонымен қатар ол барлық ресейлік жоғары оқу орынында студенттердің жайлы өмір сүруі мен оқуы үшін жағдай жасалғанын және олардың бейімделуімен айналысатынын атап өтті. "Көбінесе олар медициналық және IT университеттеріне қызығушылық танытады. Көбі Мәскеуге немесе Санкт-Петербургке түскісі келеді. Бірақ, менің ойымша, көптеген аймақтық оқу орындарындағы білім деңгейі мен жағдайлары астаналық оқу орындарынан еш кем түспейді", - деді ол. Мәскеуден келген Биотехнологиялық университеттің (Росбиотех) өкілі Евгений Битус қазақстандықтардың бұл университетке 23 бағыт бойынша грантқа түсуге алатынын айтты. "Бізде елдер арасында келісім бар, соның арқасында қазақстандық талапкерлер біздің университетте тегін оқи алады. Мен өзім бірнеше рет Қазақстанның аймақтарына барып, университетке оқуға шақырдым. Қазір бізде Қазақстаннан келген студенттер бар. Олар бакалавр бойынша білім алып жатыр, магистратураны бітіргендер де бар. Қыздар тамақ өнекәсібі саласын көбірек таңдайды, ал жігіттер аддитивті және ақпараттық технологияларға бейім", - деді Евгений Битус. "Ұлымыз 10-сыныпта оқиды, қандай мамандықты таңдайтынын әлі шешкен жоқ. Бүгін оқуға түсудің шарттарын білуге келіп, барлығынан визитка мен кітапша алып кеттік. Болашақ мамандық жайын үйде шешеміз", - деді көрмеге келген Наталья Несена. "Ресейде білім ал" көрмесі 1 және 2 сәуірде Астанадағы "Русский дом" ғимаратында (Кенесары көшесі, 39) өтеді.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/01/33496879_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_c2f00af870ba924badd5f7998597b8a1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, білім
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Астанадағы көрмеге Ресейдің 39 жетекші жоғары оқу орнының өкілдері қатысып жатыр, деп хабарлады сенбіде "Русский дом".
Көрмеде ұсынылған университеттер мамандарды даярлаудың барлық дерлік бағыты бойынша жоғары білімді ұсынады. Көрме басталғаннан кейін достарымен немесе туыстарымен келген ондаған үміткер стендтерге жақын келіп, қажетті мәліметті сұрастыра бастады, деп хабарлады "Русский дом" өкілдері.
"Бұл қазірдің өзінде Астанадағы Русский дом өткізетін дәстүрлі көрме. Таңертеңнен бастап келушілер өте көп. Олар Ресей университеттерінің өкілдеріне өз сұрақтарын қойып жатыр. Бүгінде мұнда 39 жоғары оқу орны ұсынылған", - деді Астанадағы Русский дом жетекшісі Ольга Филонова.
Сонымен қатар ол барлық ресейлік жоғары оқу орынында студенттердің жайлы өмір сүруі мен оқуы үшін жағдай жасалғанын және олардың бейімделуімен айналысатынын атап өтті.
"Көбінесе олар медициналық және IT университеттеріне қызығушылық танытады. Көбі Мәскеуге немесе Санкт-Петербургке түскісі келеді. Бірақ, менің ойымша, көптеген аймақтық оқу орындарындағы білім деңгейі мен жағдайлары астаналық оқу орындарынан еш кем түспейді", - деді ол.
Мәскеуден келген Биотехнологиялық университеттің (Росбиотех) өкілі Евгений Битус қазақстандықтардың бұл университетке 23 бағыт бойынша грантқа түсуге алатынын айтты.
"Бізде елдер арасында келісім бар, соның арқасында қазақстандық талапкерлер біздің университетте тегін оқи алады. Мен өзім бірнеше рет Қазақстанның аймақтарына барып, университетке оқуға шақырдым. Қазір бізде Қазақстаннан келген студенттер бар. Олар бакалавр бойынша білім алып жатыр, магистратураны бітіргендер де бар. Қыздар тамақ өнекәсібі саласын көбірек таңдайды, ал жігіттер аддитивті және ақпараттық технологияларға бейім", - деді Евгений Битус.
"Ұлымыз 10-сыныпта оқиды, қандай мамандықты таңдайтынын әлі шешкен жоқ. Бүгін оқуға түсудің шарттарын білуге келіп, барлығынан визитка мен кітапша алып кеттік. Болашақ мамандық жайын үйде шешеміз", - деді көрмеге келген Наталья Несена.
"Ресейде білім ал" көрмесі 1 және 2 сәуірде Астанадағы "Русский дом" ғимаратында (Кенесары көшесі, 39) өтеді.