Үсік, найзағай, жаңбыр: синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

© Photo : Pixabay / ID 955169Капля дождя падает с зонта
Капля дождя падает с зонта - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Синоптиктер 1-3 сәуір аралығындағы ауа райы болжамымен бөлісті.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің көп бөлігіндегі ауа-райын ауқымды солтүстік-батыс антициклоны анықтайды, жауын-шашынсыз ашық ауа райы болады деп күтілуде. Суық ауа массалары күндізгі уақытта біртіндеп жылынады.
Республиканың тек батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері белсенді фронтальды бөлімдері бар Оңтүстік циклонының ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа- райы күтіледі, найзағаймен жаңбыр жауады.
Қазақстан бойынша жел 15-25 м/с күшейед, оңтүстікте шаңды дауылмен деп күтілуде. Оңтүстікте және оңтүстік- шығыста түнде 1-6 градус үсік болады деп болжануда.
Ауа температурасы күндізгі сағаттарда батыста және солтүстік-батыста 13-20 жылыға дейін, солтүстікте 7-15 жылыға дейін, еліміздің орталығында 10-20 жылыға дейін, шығыста 0-10 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 5-18 жылыға дейін жоғарылауы болжанады.
Жаңалықтар
0