Шымкентте үш жасар бала көлік майын ішіп қойды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуМягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото
Мягкая игрушка висит на капельнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласында 3 жасар бала көлік тежегішіне арналған майды ішіп қойды. Оны шұғыл ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Кішкентай бала үйде тұрған тежегіштің майын ішкеннен кейін бірден өзін жайсыз сезінген. Ата-анасы жедел жәрдем шақырды. Көлікке арналған сұйықтық баланың ауыз қуысын, өңеші мен асқазанын күйдіріп тастады. Қазіргі кезде ол анасымен бірге ауруханада емделіп жатыр.
"Менің күйеуім көлік жөндеумен айналысады. Жаңағы сұйықтық үйде тұрған ғой. Балам соны байқамай ішіп қойды. Қазір жағдайы жақсы", - дейді баланың анасы.
Дәрігерлердің айтуынша, бала қатты уланып қалды. Ем-домнан кейін жағдайы жақсарды, оны палатаға ауыстырды.
"Бала екі күн бұрын ауруханаға түсті. Қазір бактерияларға қарсы препараттарды қабылдап жатыр, сан алуан майлар бар, оны жағып отырады", - деп атап көрсетті дәрігерлер.
Жақында орталыққа сірке қышқылын ішіп қойған 5 жасар бала да түскен. Сұйықтық оның ауыз қуысы мен өңешін күйдірген. Қазір жағдайы жақсы, өздігімен тамақ ішіп жүр.
Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, екі бала да ата-анасының қарауынсыз қалған.
Жаңалықтар
0