https://sputnik.kz/20230331/qazaqstan-men-eaeo-elderi-qanday-importtyq-tauardy-oz-onimderimen-almastyra-alady-33573317.html
Қазақстан мен ЕАЭО елдері қандай импорттық тауарды өз өнімдерімен алмастыра алады
Қазақстан мен ЕАЭО елдері қандай импорттық тауарды өз өнімдерімен алмастыра алады
Sputnik Қазақстан
Сарапшылар жақын арада ЕАЭО-да өз өндірісімен алмастырылуы мүмкін батыстық және басқа да аймақтың тауарларының тізімін дайындады 31.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-31T17:35+0500
2023-03-31T17:35+0500
2023-04-04T17:35+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/02/05/16220243_0:159:2993:1842_1920x0_80_0_0_d9054e1fb2b48d16bab1433a7da49bec.jpg
РФ экономикалық даму министрлігі жанындағы Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы (БССА) өз зерттеулері аясында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде импортты алмастыра алатын өнімдердің тізімін анықтады.Бұрын шетелден үлкен көлемде сатып алынған қандай тауарларды ЕАЭО елдері өз өнімдерімен алмастыра алатыны туралы толығырақ Sputnik материалынан оқыңыз.Бірлестікке мүше елдердің ұлттық жоспарларында да көрініс тапқан ЕАЭО-ның негізгі міндеттерінің бірі Одақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру болып табылады. Бұл жоспарды жүзеге асырудағы импортты алмастыруға ерекше көңіл бөлінген.Мысалы, Армения мен Қырғызстанда тоқыма, тігін және өнеркәсіптік тауарлар өндірісін қолдау және дамыту, сондай-ақ жаңа өнеркәсіп өндірісін іске қосу шаралары қабылданып жатыр. Беларусьте, Қазақстанда және Ресейде импортты алмастыруға жоспарланған өндірістер мен тауарлардың кең тізімі қалыптастырылып, осы жоспарлар аясында түрлі қолдау шаралары енгізіліп жатыр.ЕАЭО елдерінде қабылданған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде БССА сарапшылары Одақ аумағында импортты алмастыра алатын өнімдердің тізімін анықтады.Осылайша, сарапшылар 462 тауар позициясын (Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының 6 белгісі деңгейінде) іріктеді. Олардың импорт көлемінің құны ЕАЭО-ға 2021 жылы кемінде 100 миллион долларды және еуразиялық нарықтағы үлесі 50%-тен асты.2021 жылы бұл тауарлар ЕАЭО-ға жалпы сомасы 189 миллиард долларға импортталды. Олардың басым бөлігі машина жасау, электр жабдықтары, көлік және фармацевтикалық тауарларға қатысты.БССА мәліметі бойынша 462 тауардың ішінде ЕАЭО елдері 59 позицияда салыстырмалы артықшылыққа ие. Яғни олар қазірдің өзінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті осы өнімдерді шығарып жатыр.Бұл тауарлық позициялардың ішінде жеңіл автокөліктер мен оларға арналған қосалқы бөлшектер, турбореактивті қозғалтқыштар, әртүрлі тұрмыстық техника (мысалы, пештер), электр өткізгіштер, тоқыма өнеркәсібі бұйымдары және тағы басқалары бар.Агроөнеркәсіп кешенінің үлесі де үлкен. ЕАЭО елдері 28 тауарды өндіруде салыстырмалы түрде артықшылыққа ие. Бұл тауарларды 2021 жылы тату емес елдерден импорттау шамамен 4,5 миллиард долларға бағаланды. Олардың ішінде астық жинайтын комбайндар, басқа да астық жинауға арналған машиналар, тұқымдарды, астық немесе құрғақ бұршақ дақылдарын тазалауға немесе сұрыптауға арналған машиналар, басқа органикалық-бейорганикалық қосылыстар және тағы басқалары бар.Өндіруде ЕАЭО елдерінің салыстырмалы артықшылығы бар 59 тауар позициясы бойынша 2021 жылы жалпыодақтық импорт 20,6 миллиард долларды құрады. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ жақын болашақта импортты өз өнімдерімен алмастыру жоспарын орындап, өнімнің тоғыздан бір бөлігін ауыстыра алады.59 өнімнің тізімін анықтау үшін БССА сарапшылары NCA индексін (Net Comparative Advantage – таза салыстырмалы артықшылықтар индексі) пайдаланды. 0,5-тен жоғары көрсеткіш өнімнің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Ал жоғарыда аталған барлық 59 позицияда еуразиялық өндірушілердің NCA индексі осы белгіден асып түсті.Қазақстан және басқа ЕАЭО елдері не өндіре аладыЖоғарыда аталған тауардың жартысына жуығы Беларуське тиесілі. БССА талдауына сәйкес, Беларусь бір өзі немесе Одақтың басқа мемлекеттерімен бірге ЕАЭО елдері салыстырмалы артықшылығы бар 59 тауардың 27-сін шығаруға қабілетті.Беларусь Республикасы импорттай алатын тауарлар бойынша Одақтан тыс елдерден жеткізілген ең үлкен импорт 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған тракторлар мен көліктердің қосалқы бөлшектері мен керек-жарақтары, қозғалтқышының күші 1 500 текше метрден аспайтын жеңіл автомобильдер, электр пештері, плиталар және аяқ киім болып табылады.ЕАЭО елдерінде салыстырмалы артықшылығы бар тауарлардың үштен бірінен астамын Ресей шығаруы ықтимал.Бұл ретте құны бойынша ең ірі тауар позициясы Ресей Федерациясында шығарылуы мүмкін. Сондықтан жақын арада ЕАЭО-да құбырларға арналған құрылғылар, қазандық корпустары, резервуарлар, құтылар және осы тектес жабдықтардың импортын алмастыруға болады. 2021 жылы мұндай тауарлар Одаққа жалпы сомасы 2,16 миллиард долларға импортталды.Өндірісінде армян өнімдерінің салыстырмалы артықшылығы бар ірі тауарлардың ішінде трикотаж бұйымдары, пуловерлер, кардигандар, кеудешелер және химиялық талшықтардан жасалған осы тектес бұйымдады атауға болады.2021 жылы бұл тауарлар ЕАЭО-дан тыс елдерден Одаққа жалпы сомасы 561,4 млн долларға импортталды. Еуразиялық нарықтағы импорттық өнімдердің үлесі 95%-ке бағаланады.Сондай-ақ тракторлар мен автомобильдерге арналған радиаторлар және олардың бөліктері, сонымен қатар тоқыма және әртүрлі киім-кешек саласындағы тауарларды да кіргізуге болады.Қырғызстандағы өндіріске қатысты жағдай шамамен осындай. БССА мамандары республиканың өндіруге қабілетті киім-кешек пен мата бойынша бірқатар тауар түрлерін анықтады.Қырғызстанның одақтық нарық үшін импортты алмастыра алатын 2021 жылы импорт бойынша ең қымбат тауарлардың қатарында дистилляция немесе ректификацияға арналған аппараттар бар.Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-дан тыс елдерден жеткізілген мұндай мұндай тауарлардың импорттық құны 610,8 миллион долларға бағаланып, еуразиялық нарықтағы импорттық құрылғылардың үлесі 99%-ды құрады.Қазақстан өз кезегінде бірқатар өнеркәсіп екторында қолданылатын жасанды корундтан өзгеше алюминий оксидінің импортын алмастыруға қабілетті.Бұл ЕАЭО елдері жақын болашақта импортты алмастыра алатын бағасы қымбат ең ірі позициялар арасында 2 тауар. 2021 жылы ол Одақтан тыс елдерден жалпы сомасы 1,65 миллиард долларға сатып алынды. Импорт үлесі 90%-ті құрайды.Сондай-ақ, Қазақстан үлкен көлемде өндіруге қабілетті, бірақ қазір оның 73%-і ЕАЭО-дан тыс елдерден сатып алынатын ірі тауар түрі – поршенді қозғалтқыштарды іске қосу үшін қолданылатын аккумуляторлар.БССА сарапшыларының пікірінше, кооперацияны дамыту және ішкі және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін жақын арада бұл жобаларды қолдаудың кешенді жүйесін қамтамасыз ету, артық қуаттарды құруды жою және ең аз шығынмен өзіндік құнды қосу тізбегін әзірлеу керек.Инвестиция қажеттілігіИмпортты алмастыру мақсатында өндірісті ұйымдастыру үшін ауқымды инвестициялар қажет. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Жаһандық зерттеулер институтының ғылыми жетекшісі Александр Ильинский мәлімдеді.Оның айтуынша, ықтимал әлемдік рецессия жағдайында жеке бизнес бұл мәселені өз бетінше шеше алмайды. Сондықтан мемлекеттік кепілдіктер мен жобаларды қаржыландыруды қамтитын тиімді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қажет."Бүгінгі таңда қажетті инвестиция көлемін анықтау өте қиын, - деді Александр Ильинский. - Менің ойымша, бұл ЕАЭО ЖІӨ-нің 2-5% деңгейіндегі көрсеткіш болуы мүмкін".Еске салсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО ЖІӨ 173 триллион ресей рублін (шамамен 2,5 триллион долларды) құрады. Сәйкесінше оның 2-5%-і – 3,5-6,9 триллион рубль немесе 45,4-89,5 миллиард долларды құрайды.БССА Экономикалық интеграция орталығының басшысы Никита Пыжиковтың айтуынша, Академия жүргізген NCA индексін бағалау бұл бағыттағы жұмыстың бірінші кезеңі ғана."ЕАЭО елдері 801 миллион долларға қозғалтқышы 1,5 литрге дейінгі автокөлікті импорттады. Беларусь дәл қазір бұл көлемнің қаншасын алмастыра алады деген сұрақ туындайды. Дегенмен Беларусьте бұл өнімнің бәсекеге қабілетті өндірісі бар және оны жүзеге асыра алады. Бірақ бұл үшін Беларуське қанша инвестиция салу керек екенін және оның шегі қандай екенін анықтау керек", - деді Никита Пыжиков.Оның айтуынша, қазір БССА қосымша зерттеу жүргізіп жатыр және оның нәтижелері бүкіл Одақтың қандай да бір өнімге деген қажеттіліктерін өтеу үшін ЕАЭО-ға мүше елдегі нақты салаға нақты қанша инвестиция қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу жыл соңына дейін аяқталады.Одақтық қолдау"Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жүргізген талдау нәтижелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Одақ аумағына импортталатын өнеркәсіптік тауарлардың елеулі номенклатурасы бойынша импортты алмастыру әлеуеті жоғары екенін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аумағына импортталатын өнеркәсіп тауарларының өз аумағында өндірісін арттыру мүмкіндігі бар екенін көрсетті", - деді ЕЭК өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев.Оның айтуынша, бүгінде ЕАЭО-да импортты алмастыру әлеуеті бойынша машина мен оған арналған жабдықтар, компьютерлер, химия өнімдері, электронды және оптикалық бұйымдар, сондай-ақ автомобиль өнеркәсібі салалары жетекші орын алады. Олардың жиынтығы жалпы импортты алмастыру әлеуетінің 60%-тен астамын құрайды.Сондай-ақ ол ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын қолдау бойынша ЕЭК жеңілдетілген қаржыландыру бойынша бастама әзірлегенін айтты."Өткен жылғы қазанда ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары өнеркәсіптегі кооперативтік жобаларды бірлесіп қаржыландырудың жаңа механизмін құру туралы келісті. Қаражатты бизнес және банк ұйымдары бөледі, ал ЕЭК одақтық бюджет есебінен қайта қаржыландырудың базалық мөлшерлемесі немесе негізгі мөлшерлемесі шегінде кредит бойынша мөлшерлемені өтейді. Осылайша ЕАЭО-дағы көпжақты жобаларға инвестициялардың өсуін ынталандыру мәселесі де шешіледі", - деді Николай Кушнарев.Ол ЕЭК сондай-ақ ынтымақтастық үшін серіктестер табу тұрғысынан да, жеңілдетілген қаржыландыруға қажетті өтінімдерді дайындау және негіздеу тұрғысынан да тараптардың бизнес-бастамаларына көмектесетінін айтты.Кушнаревтың айтуынша, бүгінде ЕАЭО сайтында кооперативтік ынтымақтастыққа дайын Одақ елдері кәсіпорындарының салалық тізімдері жарияланған.Тізімдер темір жол машина жасау (Одақтың барлық еліндегі 110 кәсіпорын), кеме жасау (Армения, Беларусь және Ресейдегі 173 кәсіпорын және кеме жөндеу зауыты), кабель және сым өндірісі (Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресейдегі 85 кәсіпорын), микроэлектроника (Одақтың барлық еліндегі 39 кәсіпорын), цемент өндірісі (Одақтың барлық еліндегі 85 кәсіпорын) және азаматтық авиация өнеркәсібі (Одақтың барлық ееліндегі 79 кәсіпорын) секілді салаларда құрастырылған."Кәсіпорындардың тізімі Одақтағы өнеркәсіп өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған. Кез келген мүдделі кәсіпорын өз еліндегі жауапты министрлік арқылы тиісті тізімге енгізілуі мүмкін", - деді Николай Кушнарев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/05/16220243_162:0:2829:2000_1920x0_80_0_0_c09aa54e69f1ddf7cd599d61a365fc80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстан мен ЕАЭО елдері қандай импорттық тауарды өз өнімдерімен алмастыра алады
17:35 31.03.2023 (жаңартылды: 17:35 04.04.2023) Сарапшылар жақын арада ЕАЭО-да өз өндірісімен алмастырылуы мүмкін батыстық және басқа да аймақтың тауарларының тізімін дайындады
РФ экономикалық даму министрлігі жанындағы Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы (БССА) өз зерттеулері аясында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінде импортты алмастыра алатын өнімдердің тізімін анықтады.
Бұрын шетелден үлкен көлемде сатып алынған қандай тауарларды ЕАЭО елдері өз өнімдерімен алмастыра алатыны туралы толығырақ Sputnik материалынан оқыңыз.
Бірлестікке мүше елдердің ұлттық жоспарларында да көрініс тапқан ЕАЭО-ның негізгі міндеттерінің бірі Одақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру болып табылады. Бұл жоспарды жүзеге асырудағы импортты алмастыруға ерекше көңіл бөлінген.
Мысалы, Армения мен Қырғызстанда тоқыма, тігін және өнеркәсіптік тауарлар өндірісін қолдау және дамыту, сондай-ақ жаңа өнеркәсіп өндірісін іске қосу шаралары қабылданып жатыр. Беларусьте, Қазақстанда және Ресейде импортты алмастыруға жоспарланған өндірістер мен тауарлардың кең тізімі қалыптастырылып, осы жоспарлар аясында түрлі қолдау шаралары енгізіліп жатыр.
ЕАЭО елдерінде қабылданған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде БССА сарапшылары Одақ аумағында импортты алмастыра алатын өнімдердің тізімін анықтады.
Осылайша, сарапшылар 462 тауар позициясын (Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасының 6 белгісі деңгейінде) іріктеді. Олардың импорт көлемінің құны ЕАЭО-ға 2021 жылы кемінде 100 миллион долларды және еуразиялық нарықтағы үлесі 50%-тен асты.
2021 жылы бұл тауарлар ЕАЭО-ға жалпы сомасы 189 миллиард долларға импортталды. Олардың басым бөлігі машина жасау, электр жабдықтары, көлік және фармацевтикалық тауарларға қатысты.
БССА мәліметі бойынша 462 тауардың ішінде ЕАЭО елдері 59 позицияда салыстырмалы артықшылыққа ие. Яғни олар қазірдің өзінде әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті осы өнімдерді шығарып жатыр.
Бұл тауарлық позициялардың ішінде жеңіл автокөліктер мен оларға арналған қосалқы бөлшектер, турбореактивті қозғалтқыштар, әртүрлі тұрмыстық техника (мысалы, пештер), электр өткізгіштер, тоқыма өнеркәсібі бұйымдары және тағы басқалары бар.
Агроөнеркәсіп кешенінің үлесі де үлкен. ЕАЭО елдері 28 тауарды өндіруде салыстырмалы түрде артықшылыққа ие. Бұл тауарларды 2021 жылы тату емес елдерден импорттау шамамен 4,5 миллиард долларға бағаланды. Олардың ішінде астық жинайтын комбайндар, басқа да астық жинауға арналған машиналар, тұқымдарды, астық немесе құрғақ бұршақ дақылдарын тазалауға немесе сұрыптауға арналған машиналар, басқа органикалық-бейорганикалық қосылыстар және тағы басқалары бар.
Өндіруде ЕАЭО елдерінің салыстырмалы артықшылығы бар 59 тауар позициясы бойынша 2021 жылы жалпыодақтық импорт 20,6 миллиард долларды құрады. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ жақын болашақта импортты өз өнімдерімен алмастыру жоспарын орындап, өнімнің тоғыздан бір бөлігін ауыстыра алады.
59 өнімнің тізімін анықтау үшін БССА сарапшылары NCA индексін (Net Comparative Advantage – таза салыстырмалы артықшылықтар индексі) пайдаланды. 0,5-тен жоғары көрсеткіш өнімнің әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Ал жоғарыда аталған барлық 59 позицияда еуразиялық өндірушілердің NCA индексі осы белгіден асып түсті.
Қазақстан және басқа ЕАЭО елдері не өндіре алады
Жоғарыда аталған тауардың жартысына жуығы Беларуське тиесілі. БССА талдауына сәйкес, Беларусь бір өзі немесе Одақтың басқа мемлекеттерімен бірге ЕАЭО елдері салыстырмалы артықшылығы бар 59 тауардың 27-сін шығаруға қабілетті.
Беларусь Республикасы импорттай алатын тауарлар бойынша Одақтан тыс елдерден жеткізілген ең үлкен импорт 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған тракторлар мен көліктердің қосалқы бөлшектері мен керек-жарақтары, қозғалтқышының күші 1 500 текше метрден аспайтын жеңіл автомобильдер, электр пештері, плиталар және аяқ киім болып табылады.
ЕАЭО елдерінде салыстырмалы артықшылығы бар тауарлардың үштен бірінен астамын Ресей шығаруы ықтимал.
Бұл ретте құны бойынша ең ірі тауар позициясы Ресей Федерациясында шығарылуы мүмкін. Сондықтан жақын арада ЕАЭО-да құбырларға арналған құрылғылар, қазандық корпустары, резервуарлар, құтылар және осы тектес жабдықтардың импортын алмастыруға болады. 2021 жылы мұндай тауарлар Одаққа жалпы сомасы 2,16 миллиард долларға импортталды.
Өндірісінде армян өнімдерінің салыстырмалы артықшылығы бар ірі тауарлардың ішінде трикотаж бұйымдары, пуловерлер, кардигандар, кеудешелер және химиялық талшықтардан жасалған осы тектес бұйымдады атауға болады.
2021 жылы бұл тауарлар ЕАЭО-дан тыс елдерден Одаққа жалпы сомасы 561,4 млн долларға импортталды. Еуразиялық нарықтағы импорттық өнімдердің үлесі 95%-ке бағаланады.
Сондай-ақ тракторлар мен автомобильдерге арналған радиаторлар және олардың бөліктері, сонымен қатар тоқыма және әртүрлі киім-кешек саласындағы тауарларды да кіргізуге болады.
Қырғызстандағы өндіріске қатысты жағдай шамамен осындай. БССА мамандары республиканың өндіруге қабілетті киім-кешек пен мата бойынша бірқатар тауар түрлерін анықтады.
Қырғызстанның одақтық нарық үшін импортты алмастыра алатын 2021 жылы импорт бойынша ең қымбат тауарлардың қатарында дистилляция немесе ректификацияға арналған аппараттар бар.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО-дан тыс елдерден жеткізілген мұндай мұндай тауарлардың импорттық құны 610,8 миллион долларға бағаланып, еуразиялық нарықтағы импорттық құрылғылардың үлесі 99%-ды құрады.
Қазақстан өз кезегінде бірқатар өнеркәсіп екторында қолданылатын жасанды корундтан өзгеше алюминий оксидінің импортын алмастыруға қабілетті.
Бұл ЕАЭО елдері жақын болашақта импортты алмастыра алатын бағасы қымбат ең ірі позициялар арасында 2 тауар. 2021 жылы ол Одақтан тыс елдерден жалпы сомасы 1,65 миллиард долларға сатып алынды. Импорт үлесі 90%-ті құрайды.
Сондай-ақ, Қазақстан үлкен көлемде өндіруге қабілетті, бірақ қазір оның 73%-і ЕАЭО-дан тыс елдерден сатып алынатын ірі тауар түрі – поршенді қозғалтқыштарды іске қосу үшін қолданылатын аккумуляторлар.
БССА сарапшыларының пікірінше, кооперацияны дамыту және ішкі және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін жақын арада бұл жобаларды қолдаудың кешенді жүйесін қамтамасыз ету, артық қуаттарды құруды жою және ең аз шығынмен өзіндік құнды қосу тізбегін әзірлеу керек.
Импортты алмастыру мақсатында өндірісті ұйымдастыру үшін ауқымды инвестициялар қажет. Бұл туралы Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы Қаржы университетінің Жаһандық зерттеулер институтының ғылыми жетекшісі Александр Ильинский мәлімдеді.
Оның айтуынша, ықтимал әлемдік рецессия жағдайында жеке бизнес бұл мәселені өз бетінше шеше алмайды. Сондықтан мемлекеттік кепілдіктер мен жобаларды қаржыландыруды қамтитын тиімді мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қажет.
"Бүгінгі таңда қажетті инвестиция көлемін анықтау өте қиын, - деді Александр Ильинский. - Менің ойымша, бұл ЕАЭО ЖІӨ-нің 2-5% деңгейіндегі көрсеткіш болуы мүмкін".
Еске салсақ, 2022 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО ЖІӨ 173 триллион ресей рублін (шамамен 2,5 триллион долларды) құрады. Сәйкесінше оның 2-5%-і – 3,5-6,9 триллион рубль немесе 45,4-89,5 миллиард долларды құрайды.
БССА Экономикалық интеграция орталығының басшысы Никита Пыжиковтың айтуынша, Академия жүргізген NCA индексін бағалау бұл бағыттағы жұмыстың бірінші кезеңі ғана.
"ЕАЭО елдері 801 миллион долларға қозғалтқышы 1,5 литрге дейінгі автокөлікті импорттады. Беларусь дәл қазір бұл көлемнің қаншасын алмастыра алады деген сұрақ туындайды. Дегенмен Беларусьте бұл өнімнің бәсекеге қабілетті өндірісі бар және оны жүзеге асыра алады. Бірақ бұл үшін Беларуське қанша инвестиция салу керек екенін және оның шегі қандай екенін анықтау керек", - деді Никита Пыжиков.
Оның айтуынша, қазір БССА қосымша зерттеу жүргізіп жатыр және оның нәтижелері бүкіл Одақтың қандай да бір өнімге деген қажеттіліктерін өтеу үшін ЕАЭО-ға мүше елдегі нақты салаға нақты қанша инвестиция қажет екенін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу жыл соңына дейін аяқталады.
"Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жүргізген талдау нәтижелері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Одақ аумағына импортталатын өнеркәсіптік тауарлардың елеулі номенклатурасы бойынша импортты алмастыру әлеуеті жоғары екенін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аумағына импортталатын өнеркәсіп тауарларының өз аумағында өндірісін арттыру мүмкіндігі бар екенін көрсетті", - деді ЕЭК өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев.
Оның айтуынша, бүгінде ЕАЭО-да импортты алмастыру әлеуеті бойынша машина мен оған арналған жабдықтар, компьютерлер, химия өнімдері, электронды және оптикалық бұйымдар, сондай-ақ автомобиль өнеркәсібі салалары жетекші орын алады. Олардың жиынтығы жалпы импортты алмастыру әлеуетінің 60%-тен астамын құрайды.
Сондай-ақ ол ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығын қолдау бойынша ЕЭК жеңілдетілген қаржыландыру бойынша бастама әзірлегенін айтты.
"Өткен жылғы қазанда ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары өнеркәсіптегі кооперативтік жобаларды бірлесіп қаржыландырудың жаңа механизмін құру туралы келісті. Қаражатты бизнес және банк ұйымдары бөледі, ал ЕЭК одақтық бюджет есебінен қайта қаржыландырудың базалық мөлшерлемесі немесе негізгі мөлшерлемесі шегінде кредит бойынша мөлшерлемені өтейді. Осылайша ЕАЭО-дағы көпжақты жобаларға инвестициялардың өсуін ынталандыру мәселесі де шешіледі", - деді Николай Кушнарев.
Ол ЕЭК сондай-ақ ынтымақтастық үшін серіктестер табу тұрғысынан да, жеңілдетілген қаржыландыруға қажетті өтінімдерді дайындау және негіздеу тұрғысынан да тараптардың бизнес-бастамаларына көмектесетінін айтты.
Кушнаревтың айтуынша, бүгінде ЕАЭО сайтында кооперативтік ынтымақтастыққа дайын Одақ елдері кәсіпорындарының салалық тізімдері жарияланған.
Тізімдер темір жол машина жасау (Одақтың барлық еліндегі 110 кәсіпорын), кеме жасау (Армения, Беларусь және Ресейдегі 173 кәсіпорын және кеме жөндеу зауыты), кабель және сым өндірісі (Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресейдегі 85 кәсіпорын), микроэлектроника (Одақтың барлық еліндегі 39 кәсіпорын), цемент өндірісі (Одақтың барлық еліндегі 85 кәсіпорын) және азаматтық авиация өнеркәсібі (Одақтың барлық ееліндегі 79 кәсіпорын) секілді салаларда құрастырылған.
"Кәсіпорындардың тізімі Одақтағы өнеркәсіп өнімдерінің импортын алмастыруға бағытталған. Кез келген мүдделі кәсіпорын өз еліндегі жауапты министрлік арқылы тиісті тізімге енгізілуі мүмкін", - деді Николай Кушнарев.