Қазақстан халқы Ассамблеясы Петропавлдағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба Ассамблеи народа Казахстана Қазақстан Республикасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының тулары
Қазақстан Республикасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының тулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан халқы Ассамблеясы "Народный Совет г.Петропавловск" деп аталатын ұйымның атынан шыққан бір топ адамның арандатушылық мәлімдемесін қатаң түрде айыптайды, деп хабарлады ҚХА баспасөз қызметі

"Бұл әрекеттерді мемлекетіміздің конституциялық негіздеріне, қауіпсіздігіне, бірлігі мен тұрақтылығына қарсы бағытталған ел мүддесіне жасалған опасыздық деп бағалаймыз. Біз біртұтас халық ретінде қазақстандық қоғамда ешкімнің араздық пен сенімсіздік таратуына жол бермейміз!", - деп жазылған хабарламада.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің айтуынша, мұндай арандатушылық аса жауапсыздықтың көрінісі және құзырлы органдар қатаң түрде тыйып тастау керек. Кінәлілер сот тәртібімен заң аясында жазалануға тиіс.
"Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтарды мұндай әрекеттерге бой алдырмауға және мызғымас бірлігіміз бен қоғамдық келісіміміздің негізі – халқымызға тән даналықты, төзімділікті, сенім мен өзара сыйластықты сақтауға шақырады", - делінген Ассамблеяның хабарламасында.
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төсбелгісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2023
Петропавлдық "жұмысшыларға" қатысты сепаратизм бабы бойынша тергеу басталды
Жаңалықтар
0