Наурыз айының басынан бері банкроттыққа 34 мыңнан аса адам өтініш берген

© Pixabay / csamhaberБос қалта
Бос қалта - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2023
Жазылу
Әзірге оның тек 2,5 мыңнан астамы қанағаттандырылды
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. 3 наурыздан бері банкроттық бойынша 34 мыңнан аса өтініш түскен. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"3 наурыздан бастап бүгінге дейін 34 мыңнан астам арыз түсті. Ең көп арыз Түркістан облысынан – 5 400 арыз түсті, екінші орында Алматы облысы – 4 мың арыз, үшінші орында Алматы қаласы – 2900 арыз. Соттан тыс банкроттық бойынша өтініштердің 94 пайызы электронды үкімет порталы арқылы жүзеге асырылды", - деді Біржанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 3 наурыздан 7 наурызға дейін барлығы 10 362 арыз қаралған. Тексерістің қорытындысы бойынша 2670 адам соттан тыс банкроттық рәсімін бастап кетті. Талаптарға сай келмеген 7 692 адамның өтініші қанағаттандырылған жоқ. Себебі көбінің жылжымайтын мүлігі, жер учаскесі, автокөлігі бар, кәсіпорындарда үлестері бар.
Арызы кері қайтарылған азаматтарға 1414 нөмірі арқылы банкроттыққа неліктен ілікпейтіні туралы хабарлама жолданды.
Біржанов бас тартуға себеп болған негіздерді жойған қазақстандықтар үш айдан кейін қайтадан банкроттыққа өтініш бере алатынын атап өтті.
Жаңалықтар
0