Ақтөбеде тұрғындар эвакуацияланды: су басқан учаскелерде гидробекеттер орнатылды

архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 31 наурыз – Sputnik. Ақтөбе қаласында су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда бау-бақша ұжымдарының ауданындағы Қарғалы өзенінің су деңгейі бұрынғы деңгейден 83 см-ге төмендеді.

"Қазіргі уақытта Қарғалы, Нефтяник, Солнышко бау-бақша ұжымдарында Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар күштері мен құралдары саяжай учаскелерінен алдын ала 116 адамды, оның ішінде 48 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады. Су тасқыны болған жерде жергілікті атқарушы органдардың, құтқару бөлімшелерінің, Ұлттық ұлан 6655 әскери бөлімінің күштері мен құралдары жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Полиция органдары қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырды. Бау-бақша ұжымдарының су басқан учаскелерінде тәулік бойы мониторинг жүргізу үшін гидробекеттер орнатылды.
Еске сала кетейік, 30 наурыз күні Қарғалы өзенінің деңгейінің жоғарылауына байланысты бау-бақша ұжымдарында 32 саяжай учаскелері су астында қалған болатын.
Жаңалықтар
0