Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскері Артемовскте кері шегіне бастады

© Sputnik / Виктор Антонюк / Медиабанкке өтуБойцы группировки "Бахмут" ЧВК "Вагнер"
Бойцы группировки Бахмут ЧВК Вагнер - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Жазылу
Күшті артиллериялық дайындықтан кейін, 30 наурызға қараған түні ресейлік әскердің шабуылдау жасақтары Артемовскте үш бағытта шабуыл операциясын күшейтіп, бірнеше орталық орамдарды, атап айтқанда, Кузнечная, Незалежности және Свобода көшелерін, сондай-ақ қалалық базар аумағын бақылауға алды. Қазір әкімшілік ғимараттар үшін қақтығыс жалғасып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Артемовск толығымен дерлік жойылды, көпқабатты тұрғын үйлер қаңқаларға айналды. "Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының артиллериясы мен шабуылдаушылары шегініп жатқан украиналық бөлімшелердің қаладан шығуына мүмкіндік бермей отыр.
"Шектеулі маневр кеңістігінде Украина Қарулы күштерінің әскери қызметшілері оқ астында көз жұмып немесе қолдау мен оқ-дәрілердің болмауына байланысты тұтқынға беріліп жатыр. Ресейлік әскер қалаға апаратын барлық тас жолды бұғаттады немесе атыс бақылауына алды. Сондықтан құпия жолдармен де оқ-дәрілер мен қосымша күш жеткізуге мүмкіндік бермейді. "Бахмут бекінісінің" артиллериясы қиратылды немесе Часов Ярға ығыстырылды және олар қарсы шайқас жүргізуге қабілетсіз", - деп жазды Хроленко.
Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Ресейдің Артемовсктегі жартылай жетістігін мойындауға мәжбүр болды. Украиналық жауынгерлердің бірі Deutsche Welle басылымына берген сұхбатында қайтыс болған ондаған мың әріптестері туралы айтты, көзіне жас алды.
Украин әскериінің бұл пікіріне қатысты Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр былай деп жауап берді:
"Ешбір соғыс адам шығынынсыз болмайды. Бұл соғыстың шарасыз болатын салдары. Соғысушы тараптың басты міндеттерінің бірі – қарсыластың физикалық күшін жою".
Ең қарапайым бағалаулар бойынша, Украина Қарулы күштерінің Артемовск аумағында соңғы алты айда болған адам шығыны 60 мыңнан асты, RT мәліметтері бойынша айына 35 мыңға дейін жетті.
Хроленконың пікірінше, Киев режимінің мұндай үлкен көлемде өз жауынгерлерін құрбан етуіне Бахмут/Артемовск көлік торабының маңыздылығы немесе Ресейдің басымды күштерінің азайтуға байланысты мәлімдемесі емес, Батыстың қолдауынан айырылып қалудан қорқуы және әскердің жауынгерлік рухы төмендейді деп күдіктенуі себеп. Кейбір батыстық БАҚ Артемовск үшін шайқас украин қақтығысының қалай аяқталуын айқындайды деп жазды.
"Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин кеше "Бахмут үшін шайқас іс жүзінде Украина армиясын және шетелдік әскери бөлімшелерді жойды" деп мәлімдеді. Анығында мобилизациялық резервтен қарсы шабуыл үшін армия қатарына қабылданған жаңа жасақ арнайы әскери операцияның алғашқы 400 күнінде жойылған украин әскерінен мотивациясы мен дайындық деңгейі бойынша айтарлықтай әлсіз.
Украина Қарулы күштерінің тоқтаусыз адам шығыны, арсеналдар босауына байланысты НАТО елдерінің Киевті қолдау мүмкіндігінің төмендеуі сәуір немесе мамырда Артемовскті азат ету ықтималдылығын арттырып жатыр. Бахмуттағы бекініс қиратылғаннан кейін Часов Ярды азат ету және украин әскерінің Славянск-Краматорсктегі бекініс ауданын қиратуға жол ашады.
"Күні кеше Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың Украинаға қатысты арнайы операцияның мақсатына саяси-дипломатиялық жолмен жету мүмкін емес деп айтуы кездейсоқ емес. Арнайы әскери операция жоспарлы түрде жалғасады (демилитаризация) және тек әскери әдістермен аяқталады (деназификация). Украина Қарулы күштерінің барлық мобилизациялау резервін жою міндетті емес. Ресей Қарулы күштерінің стратегиясы арнайы әскери операцияның саяси мақсаттарына қол жеткізу болып табылады", - деп жазды Хроленко.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин 29 наурызда "Біз шекарамызда Ресейге ашық түрде қарсы мемлекеттің болуына шыдамаймыз" деп мәлімдеп, Украина мен Еуропадағы "жаппай қамтитын, әділ және тұрақты бейбітшіліктің" мына параметрлерін атады: Украина Қарулы күштерінің соғыс қимылдарын тоқтатуы және Батыс елдерінің қару-жарақпен қамтамасыз етуін тоқтату, шетелдік жалдамалы жауынгерлерді Украина аумағынан шығару, Украинаның бейтарап және блоктан тыс мәртебесін қамтамасыз ету, Украинаның НАТО мен ЕО-ға кіруден бас тартуы, Украинаның ядродан баст тартқан мемлекет мәртебесін растау, Киев пен халықаралық қауымдастықтың Ресейге қосылған жаңа аумақтарды мойындауы.
Әскери шолушы жазғандай, Ресей өз күш-қуатын көрсету және үшінші әлем елдерінің табиғи ресурстарын тонау үшін "шөлдегі дауыл" сынды операциялар ұйымдастырмайды. Ол тек өз шекарасындағы стратегиялық әскери қауіптерді жойып, көпполярлы әлемді нығайтуды, тең және бөлінбейтін қауіпсіздік жүйесін құруды көздейді.
"Пентагон Украинаны зертхана секілді қолданып, соғыс жүргізудің жаңа технологияларын пысықтап жатыр. Ғарыш арқылы байланыс және деректерді жолдау, жасанды интеллект, алыс қашықтыққа ұшатын әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері және "әуе-әуе" қағидасы бойынша қолданылатын зымырандар, бесінші буынға жататын жойғыш ұшақтар, сондай-ақ дәлдігі жоғары қанатты және гипердыбыстық зымырандарды, пилотсыз ұшу аппараттарын және теңіздегі дрондарды жаппай пайдалану осының дәлелі", - деп жазылған материалда.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0