https://sputnik.kz/20230330/premer-ministrdin-kandidaturasy-talqylangan-otyrystyn-videosy-zhariyalandy-33437297.html
Премьер-министрдің кандидатурасы талқыланған отырыстың видеосы жарияланды
Премьер-министрдің кандидатурасы талқыланған отырыстың видеосы жарияланды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Amanat" партиясының ұсынысымен премьер-министрдің кандидатурасын фракциялардың... 30.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-30T14:20+0500
2023-03-30T14:20+0500
2023-03-30T14:20+0500
үкімет
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1a/29750349_0:0:800:451_1920x0_80_0_0_7b6dc8011e40a364b1f6726d7ca28c75.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Amanat" партиясының ұсынысымен премьер-министрдің кандидатурасын фракциялардың талқысына салды. Ақорда осы кеңестің видеосын жариялады.Президент мәжілістегі фракция жетекшілерімен кездесіп, әрбіреуінің премьер-министрдің кандидатурасына қатысты пікірін сұрады. "Amanat", "Ауыл", Respublica мен "Ақжол" Әлихан Смайыловты үкімет басшысы қызметіне тағайындауға келіссе, Қазақстан халық партиясы қалыс қалды.Ал Жалпы социал-демократтар партиясының фракциясы қарсы болды. Фракция жетекшісі Асхат Рақымжанов та үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясатын алға тартты."Үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясаты салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеп келеді. Біз парламенттік оппозиция ретінде "Amanat" партиясының ұсынысына қарсымыз", - деп атап өтті Рақымжанов.Айта кетері, одан кейін мәжіліс отырысында депутаттар премьер-министрдің кандидатурасына дауыс берді. Сол кезде 82 депутат Смайыловты қайта тағайындауды қолдады. 7 адам қарсы шықты. 8 адам қалыс қалды. Осылайша Әлихан Смайылов қайтадан үкімет басшысы қызметіне тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1a/29750349_82:0:733:488_1920x0_80_0_0_c5fe4f8fba2defd2810272c138451e0b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, әлихан смайылов
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Amanat" партиясының ұсынысымен премьер-министрдің кандидатурасын фракциялардың талқысына салды. Ақорда осы кеңестің видеосын жариялады.
Президент мәжілістегі фракция жетекшілерімен кездесіп, әрбіреуінің премьер-министрдің кандидатурасына қатысты пікірін сұрады. "Amanat", "Ауыл", Respublica мен "Ақжол" Әлихан Смайыловты үкімет басшысы қызметіне тағайындауға келіссе, Қазақстан халық партиясы қалыс қалды.
"Біз қалыс қалуға шешім қабылдадық. Біздіңше, үкімет айтарлықтай батыл шешім қабылдап жатқан жоқ. Әзірше экономиканың әлеуметтік бағытқа бұрылғаны көрінбейді. Сол себепті қалыс қаламыз", - деді фракция жетекшісі Магеррам Магеррамов.
Ал Жалпы социал-демократтар партиясының фракциясы қарсы болды. Фракция жетекшісі Асхат Рақымжанов та үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясатын алға тартты.
"Үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясаты салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеп келеді. Біз парламенттік оппозиция ретінде "Amanat" партиясының ұсынысына қарсымыз", - деп атап өтті Рақымжанов.
Айта кетері, одан кейін мәжіліс отырысында депутаттар премьер-министрдің кандидатурасына дауыс берді. Сол кезде 82 депутат Смайыловты қайта тағайындауды қолдады. 7 адам қарсы шықты. 8 адам қалыс қалды. Осылайша Әлихан Смайылов қайтадан үкімет басшысы қызметіне тағайындалды.