Павлодар колониясында сотталған адамдар өзін шегемен жаралады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Павлодардағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүргендер өздерін шегемен жаралады, деп хабарлады облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Төрт сотталушы өздеріне дене жарақатын салған. Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің айтуынша, олар барынша қауіпсіздігі күшейтілген мекемеде жазасын өтеп жүр.
"1991 жылы туған сотталушы кісі өлтіргені және тонағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Ол 23 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал ұрлық жасағаны үшін сотталған 1978 жылғы сотталушы бұрын 6 рет осындай қылмыс жасаған. Ол да өзін-өзі жаралаған", - дейді облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі.
Өзіне дене жарақатын салған қалған екі сотталушы да бұған дейін бірнеше рет істі болған көрінеді.
"1987 жылы туған сотталушы кісі өлтіргені үшін жазасын өтеп жатыр. Ол 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырылған. Бұрын ұрлық үшін екі рет сотталған. Өзіне дене жарақатын салғандардың бірі 1991 жылы туған, ол ұрлық жасаған. Бұрын осындай қылмысы үшін 4 рет істі болған. Айта кетері, өзіне қол жұмсау фактісі бір уақытта емес, әртүрлі уақытта болған", - деді ведомство.
Департаменттің айтуынша, оларға медициналық көмек көрсетіліп, абақтыға қайтарылды. Қазіргі күні мекемеде қызметтік тексеріс жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0