https://sputnik.kz/20230330/parlamenttik-oppozitsiya-smayylovtyn-kandidaturasyna-nege-qarsy-bolganyn-tusindirdi-33432451.html
Парламенттік оппозиция Смайыловтың кандидатурасына неге қарсы болғанын түсіндірді
Парламенттік оппозиция Смайыловтың кандидатурасына неге қарсы болғанын түсіндірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Әлихан Смайылов бастаған үкімет... 30.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-30T12:03+0500
2023-03-30T12:03+0500
2023-03-30T12:03+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/01/28106964_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_9e92f17455f3286bb209de5168230967.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Әлихан Смайылов бастаған үкімет алдына қойылған міндеттердің бірде біреуін орындамады деп мәлімдеді. Бүгін президенттің қатысуымен өткен мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің кандидатурасы талқыланды. Сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы үкімет басшылығына қайтадан Әлихан Смайыловты ұсынды. Оның кандидатурасын президент те қолдады. Алайда Смайыловтың кандидатурасын талқылау барысында мәжілістегі парламенттік оппозиция – ЖСДП партиясы бұл ұсынысқа қарсы шықты. Мәжіліс кулуарында Әуесбаев үкіметтің алдына қойылған бірде бір міндет тиісті деңгейде орындалмағанын айтты. "Үкімет өз жұмысын көрсетті, президент оларға жақсы мүмкіндіктер, жақсы тапсырмалар берді. Бірақ оның бірде бірі орындалмады. Сондықтан өз деңгейінде болмағандықтан біз қарсы шықтық", - деді ЖСДП мүшесі. Смайыловтың кандидатурасына жеті депутат қарсы дауыс берді. Соның ішінде Нұрлан Әуесбаев та бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/01/28106964_336:0:3067:2048_1920x0_80_0_0_131563ba5911c32afa2d977f81268341.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев Әлихан Смайылов бастаған үкімет алдына қойылған міндеттердің бірде біреуін орындамады деп мәлімдеді.
Бүгін президенттің қатысуымен өткен мәжілістің жалпы отырысында премьер-министрдің кандидатурасы талқыланды. Сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы үкімет басшылығына қайтадан Әлихан Смайыловты ұсынды.
Оның кандидатурасын президент те қолдады. Алайда Смайыловтың кандидатурасын талқылау барысында мәжілістегі парламенттік оппозиция – ЖСДП партиясы бұл ұсынысқа қарсы шықты.
"Біз жиырма жыл билікке оппозицияда жүріп, халқымыздың әл-ауқатының төмендеуіне үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясаты кінәлі екеніне көзіміз жетті. Ал енді бүгін тағы да "аманаттықтар" өз көпшілігін көрсетіп, ұсыныс беріп отыр. Әрине, парламенттік оппозиция ретінде біз бұл ұсынысқа қарсымыз", - деді ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев.
Мәжіліс кулуарында Әуесбаев үкіметтің алдына қойылған бірде бір міндет тиісті деңгейде орындалмағанын айтты.
"Үкімет өз жұмысын көрсетті, президент оларға жақсы мүмкіндіктер, жақсы тапсырмалар берді. Бірақ оның бірде бірі орындалмады. Сондықтан өз деңгейінде болмағандықтан біз қарсы шықтық", - деді ЖСДП мүшесі.
Смайыловтың кандидатурасына жеті депутат қарсы дауыс берді. Соның ішінде Нұрлан Әуесбаев та бар.