https://sputnik.kz/20230330/mangystauda-zhumyssyzdar-ashtyq-zhariyalady--akimdik-tusinikteme-berdi-33446386.html
Маңғыстауда жұмыссыздар аштық жариялады – әкімдік түсініктеме берді
Маңғыстауда жұмыссыздар аштық жариялады – әкімдік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Жетібай ауылының жұмыссыз жүрген тұрғындары аштық жариялады. Барлығы мұнай саласына... 30.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-30T15:53+0500
2023-03-30T15:53+0500
2023-03-30T15:53+0500
ереуіл
аштық
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33437472_29:0:870:473_1920x0_80_0_0_5efb9aad202df2b659b51da5d4759a14.jpg
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Жетібай ауылының жұмыссыз жүрген тұрғындары аштық жариялады. Барлығы мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап етіп отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ресми мәліметке сәйкес, 27 наурызда Қарақия ауданында басталған наразылық жалғасып жатыр. Осы жолы жұмыссыз жүрген 50-ге жуық адам көшеге шығып, аштық жариялады. Бұған дейін түсіндіру жұмыстарынан кейін Жетібай кен орнына баратын жол ашылған болатын."Жұмыссыздар "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-дан бос жұмыс орындарын бөлу кезінде "70/30", яғни Жетібай кентінің тұрғындарына 70 пайызын, ал қалған ауылдар мен аудандарға бос жұмыс орындарының 30 пайызын беруді талап етіп отыр. Бұл ретте Қарақия ауданының Құрық ауылы мен Маңғыстау облысының жұмыссыз тұрғындары да бос жұмыс орындарын бөлуде әділеттілікті талап етуде", - дейді әкімдік мамандары.Қарақия ауданының әкімдігі облыс әкімдігінің басқармалары, аудан прокуратурасы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, барлығын бірдей мұнай саласында жұмысқа тұрғызу мүмкін емес екенін түсіндірген. Бос жұмыс орны бар басқа салаларға да бару керек. Бірақ наразылық білдірушілер мемлекеттік органдардың түсініктемесін қабылдаудан бас тартып отыр.Жалпы, 29 наурыздан бастап "Е-otinish" порталы арқылы аштық жариялау түріндегі наразылық акциясына барлығы 13 өтініш түсті. Қазіргі уақытта өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарда қаралып жатыр."Айта кетері, тамақтанудан бас тарту арқылы акция өткізу қолданыстағы заңнамамен реттелмейді. Барлық мәселе конструктивті диалог арқылы, қолданыстағы заңнама аясында шешілуге тиіс", - делінген ресми хабарламада.Әкімдік заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін де ескертті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1e/33437472_134:0:765:473_1920x0_80_0_0_c1b52f5ec917a0775eb420ad887515ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ереуіл, аштық
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысының Қарақия ауданындағы Жетібай ауылының жұмыссыз жүрген тұрғындары аштық жариялады. Барлығы мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап етіп отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 27 наурызда Қарақия ауданында басталған наразылық жалғасып жатыр. Осы жолы жұмыссыз жүрген 50-ге жуық адам көшеге шығып, аштық жариялады. Бұған дейін түсіндіру жұмыстарынан кейін Жетібай кен орнына баратын жол ашылған болатын.
"Жұмыссыздар "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-дан бос жұмыс орындарын бөлу кезінде "70/30", яғни Жетібай кентінің тұрғындарына 70 пайызын, ал қалған ауылдар мен аудандарға бос жұмыс орындарының 30 пайызын беруді талап етіп отыр. Бұл ретте Қарақия ауданының Құрық ауылы мен Маңғыстау облысының жұмыссыз тұрғындары да бос жұмыс орындарын бөлуде әділеттілікті талап етуде", - дейді әкімдік мамандары.
Қарақия ауданының әкімдігі облыс әкімдігінің басқармалары, аудан прокуратурасы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп, барлығын бірдей мұнай саласында жұмысқа тұрғызу мүмкін емес екенін түсіндірген. Бос жұмыс орны бар басқа салаларға да бару керек. Бірақ наразылық білдірушілер мемлекеттік органдардың түсініктемесін қабылдаудан бас тартып отыр.
Жалпы, 29 наурыздан бастап "Е-otinish" порталы арқылы аштық жариялау түріндегі наразылық акциясына барлығы 13 өтініш түсті. Қазіргі уақытта өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарда қаралып жатыр.
"Айта кетері, тамақтанудан бас тарту арқылы акция өткізу қолданыстағы заңнамамен реттелмейді. Барлық мәселе конструктивті диалог арқылы, қолданыстағы заңнама аясында шешілуге тиіс", - делінген ресми хабарламада.
Әкімдік заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік бар екенін де ескертті.