https://sputnik.kz/20230330/kokshetauda-17-student-damkhana-mazirinen-ulanyp-qaldy-33431424.html
Көкшетауда 17 студент дәмхана мәзірінен уланып қалды
Көкшетауда 17 студент дәмхана мәзірінен уланып қалды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласында студенттер дәмхана мәзірінен уланып қалған, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз... 30.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-30T13:54+0500
2023-03-30T13:54+0500
2023-03-30T13:54+0500
көкшетау
улану
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1c/24515144_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_4549abc26dac9d43ff3f2df50af6762b.jpg
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласында студенттер дәмхана мәзірінен уланып қалған, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Басқарманың айтуынша, студенттердің барлығы жеке амбулаторияға жүгінген. Ал нақты қай дәмханадан уланғаны туралы айтудан денсаулық сақтау басқармасы бас тартты.Ал полиция департаменті студенттердің жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. "29 наурызда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының дәмханаларының бірінде колледждің 17 студенті уланғаны туралы Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен арыз түсті. Кешкі астан кейін жастар жүрек айну, құсу және іш өту қолайсыздықтарына шағымдана бастаған. Санитарлық қызмет ауруға себеп болған бірқатар санитарлық ережелердің бұзушылықтарын анықтады", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз өызметі. Полиция басқармасы дәмхана иесіне қатысты "санитарлық ережелерді бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/1c/24515144_105:0:1241:852_1920x0_80_0_0_cb9852d5b56aba920fb71d323746de14.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, улану
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласында студенттер дәмхана мәзірінен уланып қалған, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарманың айтуынша, студенттердің барлығы жеке амбулаторияға жүгінген.
"Студенттер тіркеуде тұрған медициналық мекемелеріне жүгінді. Стационарлық ем қабылдаудан бас тартты", - дейді ведомство.
Ал нақты қай дәмханадан уланғаны туралы айтудан денсаулық сақтау басқармасы бас тартты.
Ал полиция департаменті студенттердің жаппай улану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"29 наурызда Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының дәмханаларының бірінде колледждің 17 студенті уланғаны туралы Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен арыз түсті. Кешкі астан кейін жастар жүрек айну, құсу және іш өту қолайсыздықтарына шағымдана бастаған. Санитарлық қызмет ауруға себеп болған бірқатар санитарлық ережелердің бұзушылықтарын анықтады", - деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз өызметі.
Полиция басқармасы дәмхана иесіне қатысты "санитарлық ережелерді бұзу" бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады.