Иманбек алтын платина дискін қайырымдылық қорына сыйға тартты

Иманбек  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 30 наурыз – Sputnik. Grammy иегері Иманбек Зейкенов "100 отбасы мен 500 бала" жобасына өз үлесін қосуға ниет білдірді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Asar-Ume қоры өзінің Іnstagram әлеуметтік парақшасында жазды.
"Asar-Ume қоры 100 отбасы және 500 бала жобасын іске қосады. Әркімді бұл қайырымдылық шарасына үлес қосуға шақырамын. Жұмыла кіріскен істің нәтижесінде 500 бала өз баспанасында өмір сүретін болады", – деді музыкант.
Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов ағылшын-норвегиялық музыкалық продюсер әрі диджей Алан Уокермен бірге 2021 жылдың 11 маусымында "Sweet Dreams" бірлескен синглы мен бейнеклипін шығарып, алтын платина дискін алған.
Asar-Ume қоры қала тұрғындарын 31 наурызда Asar-Ume "Ертіс" қонақ үй кешеніндегі "Ертіс" мейрамханасында ауызашарға шақырады.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 15 наурызда қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп
Жаңалықтар
0