https://sputnik.kz/20230330/aqtobede-uly-men-anasy-oli-tabyldy-ayeldin-kuyeui-bir-kun-buryn-suitsid-zhasagan--33433212.html
Ақтөбеде ұлы мен анасы өлі табылды: әйелдің күйеуі бір күн бұрын суицид жасаған
Ақтөбеде ұлы мен анасы өлі табылды: әйелдің күйеуі бір күн бұрын суицид жасаған
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан отбасының бұрынғы отағасы бір күн бұрын суицид жасаған, деп хабарлайды Астана телеранасы. 30.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-30T13:00+0500
2023-03-30T13:00+0500
2023-03-30T13:41+0500
ақтөбе облысы
қылмыс
https://sputnik.kz/img/171/79/1717908_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_a0bb047237b5599210083bb382d45695.jpg
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан отбасының бұрынғы отағасы бір күн бұрын суицид жасаған, деп хабарлайды Астана телеранасы. Ер адамның анасы Татьяна Игнатьеваның айтуынша, немересі мен келіні қайтыс болардан бір күн бұрын баласы суицид жасаған. "Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, үлкен ұлымды алып кетті. Қайғылы оқиға туралы сол кезде бір-ақ білдім. Кеше ғана Софияның әкесі - менің ұлым өзіне қол салып, қайтыс болған еді. Жарақат алған немерем ғана тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді", - дейді Татьяна Игнатьева. София – ажалдан аман қалып, жансақтау бөлімінде жатқан осы отбасының 13 жастағы қызы. Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 29 наурызда болған. 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын және 13 жастағы қызын белгісіз біреулер пышақтап кеткен. Әйел мен ұл қайтыс болып, аман қалған 13 жастағы қыз полицияға хабарласып үлгерген. Қазіргі күні қыздың жағдайы ауыр. Ол облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Аурухана бөлімін арнайы полиция тәулік бойы күзетіп тұр.Жалғызбасты келіншек екі баласымен тұрған. Көршілер түнде ешқандай айқай-шу естімедік дейді. Тек жедел-жәрдем келіп, полиция келгенде не болғанын бір-ақ білген.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/171/79/1717908_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_ff5e39b1c1045dc66c488fb2dc93e9b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, қылмыс
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан отбасының бұрынғы отағасы бір күн бұрын суицид жасаған, деп хабарлайды Астана телеранасы.
Ер адамның анасы Татьяна Игнатьеваның айтуынша, немересі мен келіні қайтыс болардан бір күн бұрын баласы суицид жасаған.
"Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, үлкен ұлымды алып кетті. Қайғылы оқиға туралы сол кезде бір-ақ білдім. Кеше ғана Софияның әкесі - менің ұлым өзіне қол салып, қайтыс болған еді. Жарақат алған немерем ғана тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді", - дейді Татьяна Игнатьева.
София – ажалдан аман қалып, жансақтау бөлімінде жатқан осы отбасының 13 жастағы қызы.
Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 29 наурызда болған. 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын және 13 жастағы қызын белгісіз біреулер пышақтап кеткен.
Әйел мен ұл қайтыс болып, аман қалған 13 жастағы қыз полицияға хабарласып үлгерген. Қазіргі күні қыздың жағдайы ауыр. Ол облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Аурухана бөлімін арнайы полиция тәулік бойы күзетіп тұр.
Жалғызбасты келіншек екі баласымен тұрған. Көршілер түнде ешқандай айқай-шу естімедік дейді. Тек жедел-жәрдем келіп, полиция келгенде не болғанын бір-ақ білген.