Алматының екі вокзалы Қазақстан темір жолына қайтарылады - Досаев

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin TimurАлматы-1 вокзалы
Алматы-1 вокзалы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 наурыз - Sputnik. Алматының теміржол вокзалдары Қазақстан темір жолына қайтарылады. Бұл туралы Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.
Тұрғындар мегаполистегі Алматы-1 вокзалының айналасындағы көлік кептелісі проблемасын көтерді. Аудан тұрғындарының бірі Түрксібтің бір ғасырлық тарихы туралы айта келе, Алматы-1 вокзалының маңына ескерткіш паровоз қоюды ұсынды.
"Біздің аудан осы әйгілі теміржолдың атымен аталатыны белгілі. Сондықтан біз оның жүз жылдығына орай Түрксіб заманындағы Алматы-1 вокзалының алдына паровоз қойғымыз келеді. Аудан әкімдігімен келіссөздер жүргізілді, олар қарсы емес. Осы мәселені қарастырып, рұқсат беруіңізді сұраймыз", - деді қала тұрғыны.
Алматы әкімі екі вокзал да көлік инфрақұрылымының өте маңызды жүйесі екенін айтқан Досаев Алматы-1 вокзалының маңындағы аумақты ретке келтіретінін жеткізді.
"Автотұрақ алаңымен жабдықтауға болатын жеке аумақ бар. Мен жер қатынастары басқармасына бұл жұмыстарды саралауды тапсырдым. Біз аумақты көлік кептелісінен босату үшін көп деңгейлі паркингтер салуды жоспарлап отырмыз. Ал сол жаққа кететін көше қиылысы бойынша қалалық мобильді басқармасына мәселені шешу туралы тапсырма берілді", - деді Ерболат Досаев.
Алматы әкімі екі вокзалды да "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясына қайтару туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Олар вокзал маңына жөндеу жасауды жоспарлап отыр, бұл аумақты дамытуға қаражат салуға ниетті.
"Түрксібтің жүз жылдығына қатысты мәселені қарастырайық. Әкімдерге және қалалық комиссияға тапсырмалар беремін. 2023 жылы Түрксіб ауданына 85 жыл толады, осыған орай іс-шаралар ұйымдастырылады. Мәслихат өз жұмысын бастағаннан кейін біз оған биыл Түрксіб ауданының барлық өзекті мәселелерін шешу туралы өтінішпен жүгінеміз", – деп толықтырды Ерболат Досаев.
Жаңалықтар
0