https://sputnik.kz/20230329/zhanadan-saylangan-mazhilisti-kim-basqaratyny-belgili-boldy-33383759.html
Жаңадан сайланған мәжілісті кім басқаратыны белгілі болды
Жаңадан сайланған мәжілісті кім басқаратыны белгілі болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Сегізінші сайланған мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 29.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-29T11:44+0500
2023-03-29T11:44+0500
2023-08-09T09:39+0500
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33381330_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_0ed66c5422dd2c78670b4a4d2db50345.jpg
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Сегізінші сайланған мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Пленарлы отырыста жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, мәжіліс төрағалығына бір ғана кандидатура – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ерлан Қошанов ұсынылды. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы төменгі палата төрағасын сайлады.Мәжіліс төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру қорытындысы: Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдағандар – 98 депутат. Қарсы шыққандар жоқ.Қошановтың кандидатурасын Amanat партиясынан сайланған мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.Сонымен қатар мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасының орынбасарлары сайланды. Спикер Ерлан Қошанов бұл лауазымға "аманаттық" Альберт Рау мен "Ақ жол" өкілі Дания Еспаеваның кандидатураларын ұсынды. Мәжіліс депутаттары екі кандидатураны қолдап дауыс берді.Айта кетері, Ерлан Қошанов жетінші шақырылымдағы мәжілісті де басқарған болатын.Еске салсақ, 19 наурызда мәжілістің кезектен тыс сайлауы өтті.Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланды, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтті.Сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті:Тек "Байтақ" жасылдар партиясы ғана парламентке өтпей қалды.28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды ресми түрде тіркеп, оларға куәлік пен төсбелгі табыстады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33381330_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_5218f82ba7d658a5ab9a56a4c3cb3b24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мәжіліс
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Сегізінші сайланған мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов сайланды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Пленарлы отырыста жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, мәжіліс төрағалығына бір ғана кандидатура – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ерлан Қошанов ұсынылды. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы төменгі палата төрағасын сайлады.
Мәжіліс төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру қорытындысы: Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдағандар – 98 депутат. Қарсы шыққандар жоқ.
Қошановтың кандидатурасын Amanat партиясынан сайланған мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.
Сонымен қатар мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасының орынбасарлары сайланды. Спикер Ерлан Қошанов бұл лауазымға "аманаттық" Альберт Рау мен "Ақ жол" өкілі Дания Еспаеваның кандидатураларын ұсынды. Мәжіліс депутаттары екі кандидатураны қолдап дауыс берді.
Айта кетері, Ерлан Қошанов жетінші шақырылымдағы мәжілісті де басқарған болатын.
Еске салсақ, 19 наурызда мәжілістің кезектен тыс сайлауы өтті.
Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланды, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтті.
Сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті:
Respublika партиясы – 8,59%;
Қазақстан халық партиясы – 6,8%;
"Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%;
"Ақ жол" партиясы – 8,41%;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2% дауыс жинады.
Тек "Байтақ" жасылдар партиясы ғана парламентке өтпей қалды.
28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды ресми түрде тіркеп, оларға куәлік пен төсбелгі табыстады.