Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конституциясын сәйкес сегізінші шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясын ашық деп жариялады.
Тоқаев референдумнан кейін Қазақстан Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кіріскенін атап өтті.
"Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес президент сайлауы, сенат, мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік", - деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті.
"Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын", - деп түйіндеді президент.
Жаңалықтар
0