https://sputnik.kz/20230329/qoshanov-amanat-partiyasy-nesimen-unamaydy-33404947.html
Қошанов: Amanat партиясы несімен ұнамайды
Қошанов: Amanat партиясы несімен ұнамайды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Сегізінші сайланған парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов 19 наурыздағы сайлау әділ әрі ашық өтті деп есептейді. Бұл туралы... 29.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-29T14:18+0500
2023-03-29T14:18+0500
2023-03-29T14:18+0500
парламент
ерлан қошанов
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24626632_0:0:2997:1685_1920x0_80_0_0_92a5b75fffd454609bc5c8db45ea5c23.jpg
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Сегізінші сайланған парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов 19 наурыздағы сайлау әділ әрі ашық өтті деп есептейді. Бұл туралы ол мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжіліс кулуарында Amanat партиясының төрағасы, төменгі палата спикері Ерлан Қошанов сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді. Қошанов үгіт-насихат барысында партияластарымен бірге өңірлерді, шалғай ауылдарды аралағанын, еңбек ұжымдарымен кездескенін атап өтті. "Жеке өз басым халықтың қолдауын сездім. Сондықтан да біз осындай дауыс жинадық. Бұл біздің лайықты жеңісіміз", - деді мәжіліс спикері. Ол жеңілгендердің сайлау нәтижесіне әрдайым көңілі толмайтынын айтты. Еске салсақ, 19 наурызда мәжілістің кезектен тыс сайлауы өтті. Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланды, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтті. Сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті: Amanat партиясы – 53,9%; "Ауыл" партиясы – 10,9%; Respublika партиясы – 8,59%; Қазақстан халық партиясы – 6,8%; "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%; "Ақ жол" партиясы – 8,41%; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2% дауыс жинады. Тек "Байтақ" жасылдар партиясы ғана парламентке өтпей қалды. 28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды ресми түрде тіркеп, оларға куәлік пен төсбелгі табыстады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/04/24626632_326:0:2573:1685_1920x0_80_0_0_db769873f7fd9dd77224ee85ad60f3bd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
парламент, ерлан қошанов
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Сегізінші сайланған парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов 19 наурыздағы сайлау әділ әрі ашық өтті деп есептейді. Бұл туралы ол мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мәжіліс кулуарында Amanat партиясының төрағасы, төменгі палата спикері Ерлан Қошанов сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді.
"Amanat сіздерге несімен ұнамайды? Халыққа ұнайды, халық дауыс берді. Мен сайлау әділ және ашық болды деп ойлаймын. Amanat-тың 53,9 пайыз дауыс жинауы – шынымен де лайықты жеңіс деп ойлаймын", - деді ол.
Қошанов үгіт-насихат барысында партияластарымен бірге өңірлерді, шалғай ауылдарды аралағанын, еңбек ұжымдарымен кездескенін атап өтті.
"Жеке өз басым халықтың қолдауын сездім. Сондықтан да біз осындай дауыс жинадық. Бұл біздің лайықты жеңісіміз", - деді мәжіліс спикері.
Ол жеңілгендердің сайлау нәтижесіне әрдайым көңілі толмайтынын айтты.
Еске салсақ, 19 наурызда мәжілістің кезектен тыс сайлауы өтті. Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланды, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтті.
Сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті: Amanat партиясы – 53,9%; "Ауыл" партиясы – 10,9%; Respublika партиясы – 8,59%; Қазақстан халық партиясы – 6,8%; "Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%; "Ақ жол" партиясы – 8,41%; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2% дауыс жинады.
Тек "Байтақ" жасылдар партиясы ғана парламентке өтпей қалды. 28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды ресми түрде тіркеп, оларға куәлік пен төсбелгі табыстады.