Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО Украинада неге үміт артып отыр

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Жазылу
АҚШ пен НАТО Киев режимі үшін әлем елдерінен ескі броньдалған машиналар мен оқ-дәрілерді жинап жолдағанына қарамастан, Украина Қарулы күштерінің көктемгі қарсы шабуылы сәтті болады және Ресей армиясының аарнайы әскери операция аймағында жеңіледі деп сеніп отыр. Бірақ әскери іс-қимылдар аумағындағы шынайы қалыптасқан жағдай Батыс пен Украина жоспарын жүзеге асыруға кедергі, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Вашингтон мен оның Еуропадағы одақтастары Ресейдің жеңуіне жол бермей, украин қақтығысын қалай аяқтау керектігін білмей отыр. Жоспар болмағандықтан, қолданыста болған ескі әскери техниканы жөнелтумен айналысып жатыр. Пентагон басшысы Ллойд Остин "сәтті аяқталуы ықтимал" деп айтқандай көктемгі қарсы шабуылға үлкен үміт артып отыр. Бірақ АҚШ қорғаныс министрі Ресей Қарулы күштерінің ресурстарын есеке алмай отырған сияқты.
Бұған дейін Украина Қарулы күштерінің Бас штабы Пентагон генералдарының қатысуымен сәуірдегі Қырымға қарсы шабуылдың стратегиясын әзірледі. Ол жоспар Донецк Халық Республикасы, Запорожье және Херсон облыстарындағы "құрлық дәлізін" жоюды қарастырады. Днепрден өту, Мелитопольді алу, Армянск пен Геническке шабуылдар жасауды да көздеді.
"Батыстағылар украин армиясының жеңіске жететін қарсы шабуылы Мәскеуді Киев талаптары бойынша келіссөз жүргізуге мәжбүрлейді деп сенеді. Ол талаптар "аймақтарды қайтару" және АҚШ шарттарын орындауды қамтиды. Бірақ елуге жуық мемлекеттің әскери көмегі және украина армиясының қуаты қақтығыс даласында Ресейді жеңуге, тіпті арнайы әскери операция аумағында күштер теңдігіне қол жеткізуге мүмкіндік бермей отыр", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, ұжымдық Батыс пен Киев режимі бұл қақтығыста жеңіліп үлгергенімен, іс-қимылдарды тоқтата алмай отыр. Себебі жүздеген миллиард доллар мен еуро украин қақтығысына жұмсалды, ешкім НАТО шығындарын есептеп, батыс демократиясының жаңа геосаяси жеңілісі үшін жауап бергісі келмейді.
29 наурызда Ресей Федерациясының үш өңірінде Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерінің Новосибирск зымыран құрамасының мобильдік "Ярстарымен" ауқымды оқу-жаттығулар басталды. Кремльдегілер күні кеше Украинаға қатысты саяси және дипломатиялық жолмен арнайы әскери операцияның мақсатына жету мүмкін емес екенін еске салды. Бұған дейін РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Ресей өзіне қауіп төндіретін кез келген тарапты күл-талқан етуге дайын екенін айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Батыс елдері Украинаға авиация жолдамай отырғанын, басқа қару-жарақ жеткізуді кешіктіріп жатқанын, сонымен қатар жарамсыз әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін қайтаруға мәжбүр болғанын айтып шағымданды. Расында да Вашингтонның Еуропадағы одақтастары бұл бағыттағы шараларды орындауда асықпайды. Польша Украина Қарулы Күштеріне бұрын уәде етілген МиГ-29 жойғыш ұшақтарын беруден бас тартты. Ал Францияның қорғаныс министрі Себастьян Лекорнюдың 40 дана Mirage 2000 жеңіл жойғыш ұшақтарын жеткізуге қатысты Украинамен келіссөздер туралы мәлімдемесі кездейсоқ жоққа шығарылған жоқ. Бесінші республика бұл техниканы Біріккен Араб Әмірліктерінен сатып алмақ болған.
Польша мен Франция да басқа еуропалық мемлекеттер сияқты негізінен Вашингтонның қақтығысқа қатысу дәрежесін басшылыққа алады. Мысалы, Франция Украинаға жеткізілетін 155 миллиметрлі снарядтардың санын екі есеге арттырып, оларды айына 2 000 данаға жеткізуді көздеп отыр. Бұл Украина Қарулы күштерінің бір тәуліктегі тұтынатын нормасының жартысына жуықтайды. Еске салсақ, АҚШ осы көктемде айына 20 000 дана 155 миллиметрлі снаряд өндіруге қол жеткізуді көздеп отыр. Ал америкалық әскери-өнеркәсіп кешені НАТО-ның барлық елінің әскери өнеркәсібінің 90 процентін құрайды.
Пентагон басшысы Ллойд Остин 28 наурызда Сенаттың қарулы күштер комитетінің отырысында америкалық F-16 жойғыш ұшақтары қақтығыстың қазіргі кезеңінде Украинаға көмектеспейтінін тағы да баса айтты. Оның пікірінше, Киев мұндай ұшақтарды болашақта ала алады, ал бүгінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, алыс қашықтықтан соққы жасайтын қару мен броньдалған машиналар маңыздырақ.
"Бірақ Украина Қарулы күштеріне арналған америкалық "Абрамс" танктері әлі дайын емес. Германия, Канада, Португалия және Польшадан келген "Леопардтар" сәтті қарсы шабуыл үшін жеткіліксіз. Киевке НАТО заманауи танктер мен жаяу әскерге арналған әскери машинаны ондаған данамен жеткізіп жатыр. Шайқас алаңында Panzerhaubitze-2000 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғы, Patriot пен NASAMS зениттік зымыран кешенінің саны өте аз", - деп жазды Хроленко.
Украинадағы әскери іс-қимылдар кезінде ескірен M113, Spartan және Stryker броньдалған тасымалдаушылары Сондай-ақ Украина Қарулы күштерінде "Хаммерлер", армия жүк көліктері, 155 миллиметрлі және 105 миллиметр калибрлі артиллериямен қолданылатын М109 тектес өздігінен жүретін артиллериялық қондырғылар бар. Артёмовск маңында украин зеңбірекшілер 1946 жылғы үлгідегі 85 миллиметрлі кеңестік Д-44 зеңбіректерін пайдаланды.
Хроленконың пікірінше, анығында Киевте НАТО стандарттарына сәйкес қарсы шабуыл жүргізуге күш жеткіліксіз, әсіресе жердегі әскерге әуеден қолдау көрсететін авиация жоқтығы байқалады. Украина Қарулы күштерінде ұрыс аймағында үстемдік ететін ресейлік жойғыш ұшақтарға қарсы қолданатын құралдар жоқ.
Ресейдің әскери-ғарыш күштері өз тарапынан Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылына тойтарыс беруге дайын. Арнайы әскери операция аймағындағы ресейлік әскер жүздеген жаңа Т-90М және Т-72В3М танктерін алды. Ал Ресей Федерациясының қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында оқ-дәрі мен қару-жарақ өндірісі бірнеше есе өсті.
Ресей Қорғаныс министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, өткен тәулікте арнайы әскери операция аймағында Украина Қарулы Күштерінің үш танкі, бес жаяу әскерге арналған жауынгерлік машинасы және броньдалған тасымалдаушысы, жеті гаубицасы, 15 әскери броньдалған машинасы және 535 украин жауынгері жойылды. Әскери іс-қиымлдар жүргізілген бір жыл ішінде Украина армиясы 8 400-ден астам танкі мен броньдалған машинадан, 5 520 артиллериялық қондырғы мен жаппай оқ атуға арналған реактивті жүйеден, 3 620 пилотсыз ұшу аппаратынан, 630 ұшақ пен тікұшақтан, 410 зениттік зымыран кешенінен айырылды.
Беделді American Conservative басылымы АҚШ-тың Ресейді әлсірету жөніндегі саясаты көпполярлы әлемдік тәртіпке көшуді жеделдетіп жатқанын жазды. Өкінішке қарай бұл өзгеріс жолында жүздеген мың украиналық сарбаз тектен-тек қаза тапты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0