Мемлекет басшысы қазба байлықты үнемді пайдалануға шақырды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазба байлықты тиімді пайдалану үшін үкімет пен парламентке нақты шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент елдің өндірістік әлеуетін барынша арттыру маңызды екенін атап өтті.
"Қазақстан экономикасы әлі күнге дейін пайдалы қазбаларға тәуелді болып отыр. Яғни, ел экономикасының құрылымы – қарапайым. Шын мәнінде, бізге қарқынды даму үшін күрделі, әртарапты экономикалық құрылым қажет. Әрине, шикізат нарығындағы әлемдік бәсекеде біздің өз артықшылығымыз бар. Қазіргі және стратегиялық міндеттерді орындау үшін оны тиімді пайдалану қажет. Сондықтан осы саланы одан әрі дамыта беру керек", - деді Тоқаев парламенттің бірінші сессиясында.
Ол жер қойнауын пайдалану саласында ондаған жыл бойы қордаланған проблемалар аз емес екенін ашық айтты. Геологиялық барлау жұмыстарының ойдағыдай жүргізілмеуі тау-кен өнеркәсібін өркендетуге кедергі келтіріп отыр. Минералды шикізат базасын толықтыру қарқыны бәсеңдеп барады. Оның үстіне қазір игеріліп жатқан кен орындарының қоры сарқыла бастады.
"Қазба байлықты тиімді және үнемді пайдалану қажет. Ол үшін заңнаманы жақсартып, рәсімдерді жеңілдету керек. Геологиялық барлау және кеніштерді игеру ісіне инвестиция тарту айрықша маңызды. Үкімет пен парламент осы салаға қатысты нақты шаралар әзірлеуге тиіс", - деді президент.
Тоқаев қазба байлыққа ғана арқа сүйеп, қамсыз отыратын заман келмеске кеткенін айтты. Сол себепті ол жер қойнауынан шыққан қазынаның қосымша құнын барынша арттыру қажет деп есептейді.
"Оны сапалы және сұранысқа ие тауарға айналдыру өте маңызды", - деді ол.
Жаңалықтар
0