https://sputnik.kz/20230329/esirtki-dayyndaytyn-zertkhana-zhambyl-oblysy-qylmystyq-top-33409546.html
Есірткі дайындайтын зертхана ашқан: Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды
Есірткі дайындайтын зертхана ашқан: Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп, 34 келіден астам "мефедрон" дайындаған... 29.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-29T20:04+0500
2023-03-29T20:04+0500
2023-03-29T20:04+0500
өңірлер
жамбыл облысы
есірткі
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:39:1198:713_1920x0_80_0_0_e1ed06b7e9a810da3c75545d88d9a33c.jpg
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп, 34 келіден астам "мефедрон" дайындаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.Бірлескен операция нәтижесінде аса ірі мөлшерде, яғни 34 келі 123 грамм "мефедрон" синтетикалық есірткі тәркіленді.Есірткіні 5 адамнан құралған қылмыстық топ Байзақ ауданының аумағында ашқан зертханада дайындаған. Зертхана екі-үш ай бойы жұмыс істеген. Дайын синтетикалық есірткіні олар басқа қалаларға таратуды жоспарлаған.Қазір қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды.Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.Жамбыл облыстық прокуратурасы аталған синтетикалық есірткі тәуелділік тудыратын әртүрлі химиялық қоспаларды қолдану арқылы дайындалатынын, адам өміріне аса қауіпті екенін ескертті.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/785/25/7852548_0:0:1068:800_1920x0_80_0_0_1e52e600e4c7518e3a92c7fa368c3655.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, есірткі
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратурамен бірлесіп, 34 келіден астам "мефедрон" дайындаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Жамбыл облысының прокуратурасы.
Бірлескен операция нәтижесінде аса ірі мөлшерде, яғни 34 келі 123 грамм "мефедрон" синтетикалық есірткі тәркіленді.
Есірткіні 5 адамнан құралған қылмыстық топ Байзақ ауданының аумағында ашқан зертханада дайындаған. Зертхана екі-үш ай бойы жұмыс істеген. Дайын синтетикалық есірткіні олар басқа қалаларға таратуды жоспарлаған.
"Күдіктілер Тараздағы жалдамалы пәтерде іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлап, есірткіні дайындауға арналған мекенжайды бейнебақылау арқылы қашықтықтан бақылап отырған. Департамент қызметкерлері қылмыстық топты есірткіні дайындап жатқан жерінен ұстады", - делінген хабарламада.
Қазір қылмыстық топ мүшелері қамауға алынды.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жамбыл облыстық прокуратурасы аталған синтетикалық есірткі тәуелділік тудыратын әртүрлі химиялық қоспаларды қолдану арқылы дайындалатынын, адам өміріне аса қауіпті екенін ескертті.