Екібастұз жылу энергетика орталығы қою түтінге қатысты түсініктеме берді

© Sputnik / Абзал КалиевСитуация в Экибастузе
Ситуация в Экибастузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Жазылу
АСТАНА, 29 науры - Sputnik. Екібастұз жылу энергетика орталығы әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді.
Жылу орталығы мамандарының айтуынша, халық дүрлігетіндей қауіп-қатер болған жоқ.

"Қазіргі уақытта станцияда 9, 12, 15 үш қазандық агрегаты жұмыс істеп тұр. Мамандар станция жабдықтарын жөндеуге дайындық жүргізілуде. Қазір станцияда қазандықты жөндеуге шығару үшін қазандық агрегаттарының бірінің бункерлерінде қалған отынды жағып жатыр. Бұл қазандық агрегаттарының бункерлерінде көмір шаңының тұтануын және түтеуін болдырмау үшін қазандықтарды жөндеуге шығарар алдындағы міндетті шара", - деп мәлімдеді орталық.

Бірнеше күннен бері қала тұрғындары желіде жылу орталығының мұржасынан будақтаған қою түтіннің видоесымен бөлісуде. Жылу орталығына жақын орналасқан үйдің тұрғындары терезе ашудан қалдық деп шағым айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз ЖЭО-да 8 қазандық агрегатын (3 энергетикалық қазандық агрегаты және 5 су жылыту агрегаты) күрделі жөндеу жоспарланған.
Жаңалықтар
0