https://sputnik.kz/20230329/baseke-zhogary-bolgandyqtan-saylau-natizhesin-aldyn-ala-bolzhau-mumkin-bolmady--toqaev-33366421.html
Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын ала болжау мүмкін болмады – Тоқаев
Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын ала болжау мүмкін болмады – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліске саяси көзқарасы әртүрлі күштер келді деп есептейді. Бұл туралы ол сегізінші... 29.03.2023, Sputnik Қазақстан
2023-03-29T09:22+0500
2023-03-29T09:22+0500
2023-03-29T09:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33365929_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_4000f5d7d03ff32c84da61593f4ecab3.jpg
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліске саяси көзқарасы әртүрлі күштер келді деп есептейді. Бұл туралы ол сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылу рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Президент мәжіліс сайлауында партиялар мен кандидаттарға бірдей мүмкіндік берілгенін атап өтті. Бұған отандық және шетелдік байқаушылардың қорытындысы дәлел.Президенттің пікірінше, мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия парламентке өтті."Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді", - деді ол.Тоқаев елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түскенін айтты. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33365929_581:0:3312:2048_1920x0_80_0_0_16cb47a9ee7fb6f73e1f9be05132564c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын ала болжау мүмкін болмады – Тоқаев
АСТАНА, 29 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліске саяси көзқарасы әртүрлі күштер келді деп есептейді. Бұл туралы ол сегізінші сайланған парламенттің бірінші сессиясының ашылу рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент мәжіліс сайлауында партиялар мен кандидаттарға бірдей мүмкіндік берілгенін атап өтті. Бұған отандық және шетелдік байқаушылардың қорытындысы дәлел.
"Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз. Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын ала болжау мүмкін болмады. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті", - деді Тоқаев.
Президенттің пікірінше, мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия парламентке өтті.
"Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді", - деді ол.
Тоқаев елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түскенін айтты. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты.