Алматыда заңсыз пәтерлерді сатпақ болғандар анықталды

© Sputnik / Владислав ВодневНовоселье, архивное фото
Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 29 наурыз - Sputnik. Алматыда мүлдем салынбаған немесе заңсыз баспана сатқысы келетіндердің қатары артып отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының мамандары сатылымдағы заңсыз пәтерлерді анықтады.
""Demeu Development" құрылыс салушысы тиісті құжаттары толық болмаса да, "Demeu Residence" тұрғын үй кешенінен пәтер сатуға кіріскен. Тұрғын үй кешенін биылғы жылдың IV тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған", - деп мәлімдейді қалалық әкімдік.
Үй салынады деп жоспарланған 192 жер телімі "Таулы қырат" шағын ауданында орналасқан. Заң бойынша бұл жерде тұрғын үй кешенін салуға рұқсат жоқ. Осы орайда қала құрылысын бақылау басқармасы тұрғындарды абай болуға шақырады.
Пәтер сатып алмас бұрын салынып жатқан үйдің құжатының бар-жоғын +7 (727) 229-81-36 нөмірі арқылы тексеру қажет дейді олар.
Жаңалықтар
0